22.11.2021
  110


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ

Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ана- ның көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37–39 күн, қыз


баланы 40–42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.


Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне кү- міс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған əйелдер білезік, жүзіктерді бөлі- сіп алады.


Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан ки- гізеді.


Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кəм- пит, бауырсақ түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қант-кəмпитін жеп, жейдені əкеліп береді.


Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата-əжелері мен туыс- туғандарының үйіне алып келеді. Ата-əжелері қырқынан жаңа шық- қан нəрестенің бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-тайынша, қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді.


Баланы қырқынан шығарудың да өзіндік ғылыми мəні бар. Бала- ны шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пəк болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш-тырна- ғын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп алғы- зады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу