Өлеңдер ✍️

  18.10.2021
  160


Автор: Исраил Сапарбай

Бір жұлдыз

Жұлдыздар сөндi. Ай ауды.
Ататын таң да таяулы.
Iлсемшi бiр сəт көзiмдi,
Бiлсеңшi, жаным, аяуды.
Сарғайды жүрек, сарғайды.
Жанымда жоқсың, сол қайғы.
Күдiктiң күнi сөнбейдi,
Үмiттiң гүлi солмайды.
Қамыққан көңiл қаяулы,
Бар ма екен бақыт баянды?..
Жанарым жасқа малынды,
Жүрегiм қанға боялды.
Сен дейдi жүрек, сен дейдi,
Келмейдi деуге сенбейдi.
Жүз жұлдыз қалғып кеткенмен,
Бiр жұлдыз көкте сөнбейдi...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу