Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  204


Автор: Исраил Сапарбай

Құдайым бәрін саған бере салған

Құдайым бəрiн саған бере салған:
Көркiң бар көрген жанға елес, арман...
Көлденең көк аттының көзi өтпесе,
Тағдыры талай гүлдiң неге солған?
Қорқамын мен солардың тiл-сұғынан,
Қиятын қыршыныңнан тылсымынан.
Кеудемнен Күн шыққандай күй кешемiн,
Жалт етiп қарай қалса нұр-шұғылаң!
Қанша көз сенi күнде iшiп-жейдi,
Қанша жан сенi өзiнше мүсiндейдi...
Сұлулық – қыз баланың «Қыл көпiрi»,
«Қыл көпiр» кiмдi отқа түсiрмейдi?!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу