09.09.2021
  1351


Автор: Алма Қыраубаева

Жануарлардың тілі

Сүлеймен пайғамбар жан­жануардың тілін білетін. Сиырдың мөңірегенінен, есектің ақырғанынан, қарағанынан не айтып тұрғанын біліп қоятын.


Бір кісі Сүлеймен пайғамбарға өтініш айтып: «Жануардың тілін үйретші», — деп жалынды. Бірнеше айдан соң үйреніп алды.


Әлгі кісі үйіне келіп, қораның сыртынан тыңдады. Сөйтсе, есек пен өгіз сөйлесіп жатыр екен.


Есек:


— Өгіз, бауырым, халің қалай? — дейді.


Өгіз:


— Ауыр жұмыстан шаршадым. Қожайыным мені аямайды, — деп ыңырсиды.


Есек оған ақыл айтады:


— Сен бүгін шөп берсе — жеме, су берсе — ішпе. Ауырып қалған екен деп, жұмыстан қалдырады, — дейді.


Өгіз айтқанды орындайды. Шөп те жемей, су да ішпей жатып алады. Екеуінің сөзін есіткен қожайыны құлына айтады:


— Ертең өгізді қалдыр да, есекті жұмысқа жек! — дейді.


Ертеңіне өгіздің бар жұмысын есекке салады. Есек арба да сүйрейді, отын да тасиды. Өлердей шаршайды. Кешке аяғын әзер сүйретіп қораға кіреді.


Өгіз болса, тынығып қалған еді. Қутың­-қутың етеді.


— Халің қалай, достым? — дейді есекке.


Әбден шаршаған есек күйіп кетіп:


— Сені қожайын сойып жеймін деп жатыр. От оттап, су ішпесең, ертең сояды, — деп алдайды.


Қорқып кеткен өгіз дереу шөп жеуге кіріседі. Қораның сыртынан тыңдап тұрған қожайыны есектің қулығына әбден күледі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу