Өлеңдер ✍️

  22.08.2021
  74


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Қаракөз (5 нұсқа)

Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай,
Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай.
Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау,
Қосылар күн болар ма, ақ дариға-ай.

Қайырмасы:
Қаракөз отыр гүл жайнап,
Қамар белбеу бір байлап.
Шіркін, еске түскенде,
Кетеді ішім зыр қайнап.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.

Қаракөз ұядағы ақ балапан,
Сағынып Қаракөзді ойға батам.
Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,
Берейін сүйіншіге ат пен шапан.

Қайырмасы:
Қаракөз, отыр мөлдіреп,
Екі беті үлбіреп.
Жібек шәлі мойнында,
Төңірегі желбіреп.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу