Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  131


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ескі ән (3-нұсқа)

Пендеге, тәңір сүйсе, дәулет берер-ай,
Дұшпаның қызмет қылып, соңына ерер-ай.
Басыңа бақыт, дәулет қонған күні-ай,
Дос болып, кеткен дұшпан соңыңа ерер-ай.

Шын досың көзге емес, сырттан мақтар,
Досыңның сыртын қойып, ішін ақтар.
Сыртыңнан әр ісіңе қамқор болған,
Күндерде қиын-қыстау сенімді ақтар.

Жібекті бос өрсең де, бөз болмайды,
Алтынды боясаң да жез болмайды.
Мысалы әр нәрсенің, міне, осындай,
Өжетті кемітсең де ез болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу