Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  90


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аридау

Тілегін біз тіледік жас ұланның,
Күш-қайрат, үлгі, жігер бас ұланның.
Жүрегім сергісейші, серпіл қабақ.
Бола ма шыныменен ашылар күн-ай.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Болғанда біз—ақсұңқар, сен—ала үйрек,
Қосылған екі жақсы болар сирек.
Құрбыжан, сені ойлап сағынғанда.
Соғады тыным таппай қайран жүрек!

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.

Көзіңнен, айналайын, алтын қабақ,
Сен бе едің суда ойнаған алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ, ілінбейсің,
Айсұлу алма мойын, ей, ақтамақ.

Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу