Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  153


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Жалғыз арша

Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Өмірің аз ба, көп пе, әлде қанша?

Қайырмасы:
Өтті жалған,
кештім сайран.
Уа,шіркін, бозбала!
Жастықтың әсерімен
Еттім сайран.

Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Ән салмағың қайда еді, Ләйлім шырақ,
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп,
Әні екен сонда салған жайма-шуақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу