Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  256


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әдемі қыз

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.

Ақ көйлек, қара қамзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдем-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдем-ау, өзің ойлан.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу