Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  252


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Алтын сырға, жез түйме

Кескен ағаш қалады, жеңдей болып-ей,
Қара нөсер келеді мендей болып-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Аулың алыс кеткенде-ей, қарағым-ей,
Кім көрінер көзіме сендей болып-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Қолымда бір қамшым бар алтындаған-ей,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.

Сексен қыз серуенге шықса-дағы-ей,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған-ей.

Бәтима-ай,
Алтын сабақ,
Жез түйме-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу