Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  169


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Япырмау-ә

Мінгенім дәйім менің сусыл сары-ай,
Сусылдар шапқан сайын аттың жалы-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай-ай,
Өтпейді тамағымнан жалғыз тары-ай.

Япырмау-ә.

Мінгенім дәйім менің ұзын құла ат-ай,
Бұлғынның екі жағы малға суат-ай.

Япырмау-ә.

Кеткенде аулың алыс, ей, қалқатай-ай,
Айтайын әнге салып дәтке қуат-ай.

Япырмау-ә.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу