Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  121


Автор: Сәкен Иманасов

Бұл неткен ел, неткен ел?

Полстраны — преступники,
Полстраны — охранники.
Роберт Рождественский

Бұл неткен ел, неткен ел?
Қасың да жоқ кектенер,
Досыңда жоқ өкпелер,
Бар ашуың
біреуге
кіжінумен шектелер
бұл неткен ел, неткен ел?!
Бұл қандай ел, қандай ел?
Қақтығысқа бармай ер,
қақтығысар қалмай өр,
баяғыда ұмытқан
ұяты мен арды әйел,
бұл қандай ел, қандай ел?!
Жарымаған жақсыға
кілең ғана білгіштер,
қылмыскері — сақшы да,
сақшылары — қылмыскер,
азғындаған қызына
ақыл айтқан "жүргіштер",
бұл неткен ел, неткен ел?!
Жақының жоқ өкпелер,
жауың да жоқ жек көрер,
ұры-қары әкімі,
ақынында жоқ бедел,
бұл неткен ел, неткен ел?
Аярлықты — айла дер,
қараулықты — пайда дер,
су жүректер мекені —
апыр-ау, бұл неткен ел,
апыр-ау, бұл қандай ел?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу