Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  77


Автор: Сәкен Иманасов

Кенеттен ісіп-кеуіп бола қалған









Кенеттен ісіп-кеуіп бола қалған,
көңілім қалып-ақ тұр со балаңнан.
Тұратын басын шұлғып, "ләппайлап",
бірі еді жүгірмектің домаланған.
Басымды қара орманға балап абат,
жүретін жалықтыра... жағалап-ақ.
Бойлатпай сөзінің көп дәйегіне,
қойды ма әйелі де "жан ағалап",
Жүретін жағаң жайлау қалды заман,
айтасың енді келіп әнді ызадан.
Қай-қашан іздеп қана жүруші еді,
"Тірлікте сіз, деп қана, жалғыз ағам!"
Шет жағын сәл көтеріп көмескінің,
жылпылдап, қолға тұрар емес бүгін.
Мен өзім көзіктірген бір есектің
ұстапты құйрығынан деп естідім.
Жас өсіп, демейтін бе ел, жарлы байыр,
ендеше болсын делік алды қайыр.
Тек қана танысымды таразыға ап,
жүрсе екен аңысымды аңдымай ұл!











Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу