Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  142


Автор: Айтуар Өтегенов

Пәк адамға ғайыптан

Пәк адамға ғайыптан,
(Дәлелім мол сүйенер).
Тағылады айыптар,
Жағылады күйелер.
Ел мықтысын «жазалау» –
«Зікіршілер жиыны».
Ол күйені тазалау,
Қиындардың қиыны.
Өтірік-шын амалдап,
Кездер болды есірген.
Депутатты жамандап,
Әкімдерді кетірген...
Осылайша әңгүдік,
Айлаларын асырды.
Ойбайлауды «ән» қылып,
Киелерді қашырды.
Малұғындық әрекет,
Болып алды жиі өнер.
Ұрса деймін соларды,
Маңғыстаулық киелер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу