12.11.2023
  959


Автор: Жібек Ысқақова

Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Шырқап әнге саламын.
Тәуелсіздік таңында,
Жұлдыздайын жанамын!

Мен бақытты баламын,
Толған айдай толамын.
Ербол менен Қайраттай,
Мен де батыл боламын.

Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Бейбіт күнде жарқырап,
Шамнан шырақ жағамын

Мен бақытты баламын,
Қолымда бар қаламым.
Азаттықты бейнелер,
Бойымда бар талабым!

Мен бақытты баламын,
Ерекшемін, дарамын.
Тәуелсіз ел барында,
Бақытты боп қаламын!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу