Азаттық туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 21
Өлеңдер: 51
Нақыл сөздер: 12
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Поэмалар: 2
Шығармалар: 3

Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Шырқап әнге саламын. Тәуелсіздік таңында, Жұлдыздайын жанамын! Мен бақытты баламын, Толған айдай толамын. Ербол менен Қайраттай..
©  Жібек Ысқақова
Тәуелсіздік ізімен
Тәуелсіздік ізімен, Келеміз біз күлімдеп. Жаса мәңгі қазағым, Сәтті болып күнің тек.
©  Тәуелсіздік күні
Жайнай берші қазағым
Тәуелсіздік күнінде, Жайнай берші қазағым. Тойла елім, тойлай бер, Таусылмай еш ғажабың.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күнімен
Құттықтаймын бүгінгі, Тәуелсіздік күнімен. Ән, жырымды арнаймын, Балдай тәтті үніммен.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік алған күн
Құтты болсын қазағым, Тәуелсіздік алған күн. Кіре берсін ажарың, Гүлдей жайнап әрбір күн.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік мейрамы
Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік күні бұл. Таусылмасын қазақтың, Әні менен жыры бұл.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік болсын тек
Жанды тербер қашанда, Тәуелсіздік болсын тек. Азаттығым мәгі боп, Шаттанайық күлімдеп.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік ұлық той
Тәуелсіздік ұлық той, Қуанышын беретін. Бүкіл халық шаттана, Бар қызығын көретін.
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Жанымызды тербетер. Тәуелсіздік күні бұл,Шаттығымды теңді етер.
©  Тәуелсіздік күні
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік тойланарОн алтыншы желтоқсан. Мен де тақпақ айтамын, Мерекеде ел тосқан.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік жасасын, Мерекеге ұласқан. Шаттанып жас жанымыз, Бәйшешектер гүл ашқан.
©  Тәуелсіздік күні
Сеніменен биікпіз
Сеніменен биікпіз, Тәуелсіз ел, қазағым. Құтты болсын мейрам деп, Өзіңе жыр жазамын.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік бағымыз
Қуанышын сыйлайтын, Тәуелсіздік бағымыз. Бар әлемге танылған, Қазақ елі жанымыз.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік жандансын
Әнұраным шырқалып, Тәуелсіздік жандансын. Бейбіт қазақ еліма, Бүкіл әлем таңдансын.
©  Тәуелсіздік күні
Рахмет саған туған ел
Тәуелсіздік күнінде, Мерекені тойлаймыз. Рахмет саған туған ел, Сеніменен жайнаймыз.
©  Тәуелсіздік күні
Құтты болсын мереке
Тәуелсіздік мейрамы, Есік ашты қараңыз. Азат күнде туылған, Біз бақытты баламыз.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік гүліміз
Тәуелсіздік гүліміз, Тамыр жайған тереңге. Сыйластық бұл үніміз, Баулитын бұл өнерге.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні бұл
Нұрын шашар біздерге, Тәуелсіздік күні бұл. Патриоттық сезімде, Тербелесін ән мен жыр.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік бүгінгі
Тәуелсіздік бүгінгі, Құтты болсын ағайын. Күлім қағып күніміз, Төге берсін арайын.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күнімен
Тәуелсіздік күнімен, Құттықтаймын қазағым. Ынтымақта, бірлікте, Арта берсін ғажабың.
©  Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күні келді
Тәуелсіздік күні келді, Қараңыздар достарым. Елімізді қуантып, Күлімдеп тұр аспаным.
©  Тәуелсіздік күні