Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  39


Автор: Шөмішбай Сариев

Дәстүр-салты толғаммен

Дәстүр-салты толғаммен,
Халық-әулет орманмен.
Кішкентай Адам болмайды,
Кішкентай жүрек болғанмен!
Жеңе алмас құр күш білекпен,
Сезімі ұлы дір еткен.
Үлкен халық – үлкен ғой,
Данышпен дана жүрекпен!
Халық болу қамында,
Жылылық бар жанында.
Жүрекпен адам – Адам ғой,
Ұлылық бар қанында!
Соғар ма жүрек сол қайғы,
Дүрсілдеп жүрек толғайды.
Адам деген – адам ғой,
Кішкентай Адам болмайды!

18-19 наурыз 2014 жыл
Алматы шаһары




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу