Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  55


Автор: Шөмішбай Сариев

Қарашығы қос көзінің қарасы

Қарашығы қос көзінің қарасы,
Қошаметтеп Тауы менен даласы.
Атқа қонып, алғаш билік тиген кез,
Баласына хат жолдады Анасы:
– Қуанбассың балаң жолын тапса кім?
Қолың жетіп жаңа жақтың бақ шамын.
Балам, – деді, – бұл өмірде енді сен,
Қимас асыл қызындайсың патшаның!
Ашық сырды айтпақ болып көзіне,
Шешім таппай хат жолдады өзіне.
– Мен қалайша қызы болам патшаның? –
Ұлы Ананың келіспеді сөзіне.
Бұл бір сөзде көп аңғармас бар қатық,
Көрмеген ғой мұндай сөзді жан татып.
Сөз төркінін тереңірек шешімменен,
Айтты сонда Ана сөзін тарқатып:
Құдай қолдап бір тәңірі көтерген,
Бала өссе – бір парызың өтелген.
– Сен патшаның қызындайсың десем мен,
Бұл бір сөзім айтылмаған бекерден! –
Деп Анасы хат жолдады тағы да,
Қуанышпен баласының бағына.
– Тіл мен көзден сақтасын! – деп жүрегі,
Ана болып айтты сөзін сағына:
– Хан болғасын, хан қызына қызығар,
Жаралғасын тәттісі мен тұзынан,
Жақсылықтан кемшілікті әманда
Ел іздейді бар патшаның қызынан.
Патша – патша, Ел алдына шығады,
Терең болса бәрін ол да ұғады,
Халық деген бар қызынан патшаның
Кемшілікті көргісі кеп тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу