Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  174


Автор: Шөмішбай Сариев

Көсем анасы

Атқанда —
Сәуір таңы шуақтанып,
Жатқанда —
Жанарлы шақ күй ақтарып,
Ұлы көсем анасы толғатқан-ды,
Бәріміздің анамыз сияқтанып.
Жұмбағы —
Көп болса да әр кешінің,
Аймалап ақ жүрекпен нәркес ұлын,
Болашақ дана екенін сезбеді ана,
Тербетіп отырған шақ тал бесігін.
Дәмі кетпес өмірде таңдайынан
Ана үшін
Әрқашанда балдай ұлан
Сезбеді,
Сезбеді ана алақаны,
Дана ұлдың сипағанын маңдайынан.
«Ұлымен —
Ұлы еліне құт келеді»,—
Демесе де,
Бір сырын бүккен еді.
Бәріміздей анамыз күтетіндей,
Ұлынан бір жақсылық күткен еді...
Бар бақыт шуақ күннен тарала ма?
Анасыз адам күні жарала ма?..
Ұлынан бір жақсылық жүр-ау күтіп,
Көсемнің анасындай әр ана да!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу