07.06.2023
  55


Автор: Марғұлан Сейсембай

Қазақстанның сыртқы саясаты

Мен Қазақстанның сыртқы саясатын үлкен қызығушылықпен бақылап жүремін. Ресей мен Украина арасында соғыс басталған сәттен бері бұл бағыт тіпті өзекті бола түсті. Маған Қазақстанның қай бағытты таңдап, сыртқы саяси тепе-теңдікті қалай қалыптастыратыны қызық.


Осы орайда Энтони Блинкеннің Қазақстанға келуі маңызды оқиға дер едім. Формалды түрде ол "С5“1" форматындағы Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысуға келді.
Бірақ біз тереңірек ойлануымыз керек. Бұл министрлердің қарапайым, кезекті кездесуі емес, әсіресе Байденнің Украинаға барып, үлкен әскери көмек көрсететіні жөніндегі мәлімдемесінен кейін.


Менің ойымша АҚШ мемлекеттік хатшысының сапары жайдан жай болмайды. Бұл ең алдымен сыртқы саяси және сыртқы экономикалық сигналдар жинағы. 


 



 


Мен мынадай сигналдарды атап өткім келеді:
- Қазіргі жағдайда АҚШ-тың Орталық Азияға қызығушылығы жоғары.


- АҚШ-тың Қазақстан мен Орталық Азияны қолдауы.


- Орталық Азияның дербес ойыншы ретінде позициялануы.


- Орталық Азия елдерінің бірігуіне сигнал.


- АҚШ пен ЕуроОдақ Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтудің негізгі каналы Орталық Азия екенін біліп, түсініп отырғанын көрсету.


Меніңше, бізге сигналдарды дұрыс қабылдап, елдік және өңірлік мүдделерімізге сай әрекет ету керек. Әсіресе, АҚШ пен Еуропа бізге бергісі келетін сигналдар біздің ұзақмерзімді мүдделерімізге сай келетінін ескерсек.


Бұл жағдайда Ресей мен Қытайға қатысты сыртқы тепе-теңдік саясатымызды жалғастыра отырып, бізге өзіміздің тәуелсіз позициямызды нығайту үшін стратегиялық бағытымызды қалыптастыра бастау керек. Ал біз мұны жалғыз істей алмаймыз.


Ол үшін бізге Орталық Азия % Әзірбайжан, Иран мен Түркиямен саяси, экономикалық және әскери ынтымақтастығымызды барынша арттыру керек. Бізге Орталық Азия немесе Түркі экономикалық одағын құру бағытына қарай бет бұру керек.


Мақсатты түрде ортақ нарық құрып, шекараны ашып, коммуникацияны, жолдарды және ортақ инфрақұрылымды дамыту керек. Біздің өңірде 60 миллионнан астам халық тұрады, ал егер Әзірбайжан, Иран және Түркия нарығын қоссақ, 250 млн адам. Ал бұл өте ауқымды, өз-өзін қамтамасыз ете алатын нарық.


Бұл жағынан біздің сыртқы саясатымыз дұрыс жолға қойылған. Тоқаев соңғы жылдары бірқатар сауатты қадамдар жасады. Осындай сын сағатында билік басында дипломаттың болғаны қандай жақсы.


Қазіргі жағдай елімізге үлкен мүмкіндік болып отыр. Дұрыс, сауатты сыртқы саясатының арқасында Қазақстан қазір жақсы позицияда.


Барлық сыртқы саяси және экономикалық трендтер мен өзгерістер әзірге біздің пайдамызға жұмыс істеп жатыр. Біз қазіргі жағдай беріп тұрған мүмкіндіктерді жіберіп алмаймыз деп сенемін.


Р.5. Бір жағынан егер ел ішінде халықтың бірлігі мен күші болмаса, сыртқы саясаттың еш мәні болмайды. Соғыс өнері жайлы "Сунь-Цзы" деп аталатын ескі қытай трактатында айтылғандай, "Халықтың ойы билеушінің ойымен бірдей болып тұрғанда, ол елге шабуылдауға болмайды". Сондықтан да, біздің қауіпсіздігіміз үшін ең алдымен әділдік пен еркіндік маңызды екенін ұмытпау керек. Еркін халықты жеңу мүмкін емес!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу