Өлеңдер ✍️

  14.05.2023
  97


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Лақап есім

Ақын
Иран халқы не үшін
Мұхаммед Шәмшидденге,
«Ғафиз» деп ат қойған?
Ғафиз
Құпиясын мен ашайын.
Құранның сөзін мен,
Қызғанышты құл-пендесі,
Қатаң, қатқыл тағамындай,
Сөзбе сөз есімде тұтқанмын.
Бүгінде қаншама ұят іс болғанмен,
Жалпы рух оны жоғалтпаған.
Кім де болғанмен,
Мен секілді, жанұямыз да түгел
Оның өсиеттерін естерінде сақтап,
Құдіреттімді шексіз сүйген
Сондықтан да Ғафиз деп
Барлық жандар мені атап кеткен.
Ақын
Сол себептен де мені де
Ғафиз деп дәріптеп атап кеткен.
Көпшіліктің ой-талғамы бір болған жерде, –
Бәрі де бар кезеңде бір-бірімен ұқсап тұрған.
Сенімен де біз екеуміз бір жандаймыз.
Мен де киелі кітаптардан алдым да,
Тамаша ғажап зор қуаныш, шаттықтан
Асыл ойдың қоймасында,
Құдіреттімнің жарық жарқын рухында
Верониканың төлемін өтеп өмір сүріп,
Сенімсіздер, қарақшылар ортасында,
Бейнелі көпшіліктің арасында зор сенімге еніп,
Өзгеше аян болып,
Менің рухым жай тапқандай.

1815




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу