Өлеңдер ✍️

  09.05.2023
  73


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жаңа махаббат, жаңа өмір

Жаңа махаббат, жаңа өмір
Жүрегім, жүрегім, не болды,
Сенің өміріңді қандай ойға шомдырды?
Мен сені еш түсінбедім,
Жаңа өмірдің терең тұңғиығына сүңгіп кеттің.
Бар қуанышың, армандарың,
Еңбекке деген махаббатың,
Бар қызығың, бәрі де өтті-кетті,
Қалайша сен бақытсыздыққа душар болдың?
Күш-қуаты шектеусіз
Керемет сұлу жастың,
Ару-бойжеткеннің жұмақ құшағына
Өле-өлгенше сен түстің мәңгілік қамауына.
Қалайша қанат байлап, еркіндікке жете аларсың?
Тек сонда ғана бар жолдар алып барар.
Қайда қашып енді қамаудан құтыларсың,
Мүмкін бе енді, оны сатып кету?
Айналам тас қорғанда, өзімді-өзім танымастай,
Керемет бір жібек жіптерге оранып,
Шығар-шықпас жаным, билеп мен тербетілем.
О, жарылқап, аяңдаршы, құтқарыңдар.
Сиқырлы қамауда, түрмеде өмір сүріп,
Бір сылқымның табанының астында жату деген,
Мұншама ұятты қайтіп енді көтеремін?
Жіберші мені, махаббатым, жіберші!

1775




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу