31.03.2023
  55


Автор: Намаз

Ер мен Әйел намаздарындағы айырмашылықтар

Намаздың уақыттары, ракағаттар саны мен талап-шарттары ерлер мен әйелдер үшін ортак. Тек әйелдерге тән кейбір ерекшеліктері:



  1. Қиямда қолын көкірегіне байлайды.

  2. Такбирде қолын жеңінен шығармаса да болады.

  3. Алғашқы тәкбирде қолын иығының тұсына дейін көтереді.

  4. Рукуғта саусақтарының арасын ашпастан бірін-біріне тигізіп тізесіне таянады.

  5. Рукуғта сәл ғана еңкейеді, яғни рукуғ маңынадейін ғана, оданөтпейді. Сондықтан олардың тізелері бүгілсе зияны жоқ.

  6. Рукуғта екі шынтағын екі жанында ұстайды.

  7. Сәждеде қарны санына тиеді.

  8. Екі аяғын оң жағына шығарып, сол жағымен жерге отырады.

  9. Сәждеде шынтағы жерге тиеді.

  10. Дауыстап оқитынды іштен оқиды.

  11. Азан мен иқамат айтып, жамағат болмайды.


(Мухаммеад Ашиқ Иләһий әл-Бәрнә. «Тасһийл ад Дарурий» (Шәриғат мәселелері 72- 73 б.).


Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйелдердің мешітке баруына бөгет болмаңдар! Алайда, олар үшін үйлері өте қайырлы»» (Мүслим, Саләт, 134-137 б.),


«Әйелдердің намазын сыртта оқығанынан өз үйінде оқығаны абзал» (Әбу Дәуіт, Саләт 53).




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу