Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  164


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Өкпелеме

Өкпелеме


Өкпелеумен жүрсің бе өткеніңе


Әлде кімнің хабарсыз кеткеніне


Ренжіп тағы жүрмісі жақыныңның


Кінәңді айтып кінәлап сөккеніне


 


Сен несіне ренжисіңақымаққа


Ақымаққа кек тұтқан ақымақта


Шын жүрекпен кешірсең жеңілденіп


Көз бергендей боласың соқыр атқа


 


Құтты болсын айтпаса көлігіңе


Көңіл айтып келмесе көлігіңе


Ауру болып өлесің өкпелеумен


Өкпе назды жинаумен көңіліңе


 


Кешіре сал, кеше сал айыптыны


Мүмкін ертең байғұстың ғайып күні


Мұрның қисық болмайды кешіргенге


Лайық болса кешер Алла лайықтыны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу