Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық аясы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қауіпсіздік және қорғаныс саясаты мәселелеріндегі АҚШ сыртқы саясатының кейбір аспектілері

ХХІ ғ. басында АҚШ-тың қорғаныс саясаты жаһандық және аймақтық деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының халықаралық жүйесінің қызметінің нәтижелерін айқындайтын маңызды факторға айналды. Осы уақытта АҚШ-тың қорғаныс саясаты объективті және субъективті сипаттағы сыртқы және ішкі факторлары ықпалының нәтижесінде қалыптасты. Әлемдік саясатта жаңа болмағанымен, халықаралық лаңкестік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимінің дағдарысы сияқты факторлар АҚШ-тың әскери-саяси басымдықтарын таңдауда шешуші рөл ойнады.

Қазіргі таңда мемлекеттің барлық дерлік доктриналық құжаттарында көрініс тапқан әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында белгілі бір қағидаттар қалыптасты. Қазіргі АҚШтың әскери-доктриналық көзқарастарын айқындайтын құжаттардың ішінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, «Құрама Штаттардың жаһандық көшбасшылығына демеу көрсету: ХХІ ғасырдағы қорғаныс басымдықтары» мен «Төртжылдық қорғаныс саласына шолу» атты Пентагон құжаттарын атап өтуге болады.

АҚШ сыртқы саясатын жүргізудегі басты үдеріс стратегиялық бастаманы сақтау болып табылады. Осыған байланысты американдық сыртқы саясат үш негізгі тірекке сүйенеді – американдық озық әскери үстемдік доктринасы (әлемнің ең жетекші держава мәртебесін сақтап қалу үшін АҚШ өзінің әскери қуатын жан-жақты нығайтуы тиіс), превентивті соғыс концепциясы (агрессивті әрекеттерді алдын алу үшін әскери соққыға алу дайындығы) және сыртқы саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін көпжақты ықпалдастық тиімсіз болғанда біржақты әрекет етуге дайындық.

Б. Обама әкімшілігі билік басына келгеннен кейін американдық жаһандық көшбасшылықты қайта қалпына келтіру мақсатында ұлттық жаңару идеясын ұсынды. Бұл тұрғыда әскери күш-қуат, оның ішінде американдық жетекшіліктегі қуатты одақтар (НАТО) және дипломатия АҚШ көшбасшылығының негізі болуда.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери күш-қуат рөлі

Әскери күш-қуат сипатына, оның халықаралық қатынастармен өзара байланыстылығы және қолдану нысаны мен тәсілдеріне қатысты мәселелерді зерттеу американдық саясаттануда, тарихи және әскери ғылымда аса маңызды рөл ойнайды. Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ-тың әскери стратегиясының даму болашағы туралы сұрақ қозғалғанда әскери күшті пайдалану мәселесі өзекті бола бастады.

Американдық мамандардың көпшілігі күштің халықаралық қатынастардың маңызды ұғымы болып табылатындығын атап өтеді. Халықаралық ортадағы мемлекеттің жүріс-тұрысы мен әлемдік сахнадағы мемлекеттердің иерархиясына ықпал ететін күш мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Американдық сарапшылардың пікірінше, мемлекеттің өз саяси мақсаттарына қол жеткізуде әскери қуаттың орны халықаралық қатынастардың жағдайы мен құрылымына талдау жасаудың негізінде айқындалады. Бұл мәселе бойынша көптеген пікірлер бар. Саяси реализм өкілдері халықаралық қатынастарда анархияның үстемдігін және әрбір мемлекеттің өз мүдделерін қорғау кезінде өз күштеріне сенетіндігін атап өтеді. Мемлекеттің өз сыртқы саясатында әскери күшті қолдану себебі ретінде ұлттық мүдделерді қорғау тұжырымдамасы кең пайдаланылады. Белгісіздікке және өшпенділікке толы әлем мемлекет басшысын өз ұлттық мүдделерін бірінші орынға қою қажеттілігіне итермелейді. Осылайша, ұлттық мүдделер сыртқы саясаттың басқа  да қырларын қамтитын ұлттық өзімшілдіктің синониміне айналады. Г. Моргентаудың пайымдауынша, саясат бұл әскери әлеуетке сүйенетін мемлекеттердің қуаттылық үшін күресі арқылы шешілетін мүдделер қақтығысы, ал әскери қуат болса, бұл басқа мемлекеттерге қатысты елдің ұстанымы негізделген іргетас болып табылады. Егер іргетас әлсіз болса, онда басқасы да дәрменсіз болмақ [1].

Американдық теоретиктер халықаралық қатынастардағы әскери күштің басты рөлін мемлекеттің бейбіт әрі соғыс жағдайында да кездесетін проблемалар аясында оның саяси қысым көрсетудің құралы болуымен негіздейді. Әскери күшті жақтаушылар оның сыртқы саясаттағы жетістіктерге тікелей ықпалы болмаса да, аталған екі ұғым арасында байланыстың болуын атап көрсетеді. Мысалы, К. Уолцтың пікірінше, елеулі әскери қуаты бар мемлекеттің ойдағыдай қоқан-лоқы көрсетуге, саудаласуға, қысым көрсетуге,  жеңіп  шығуға  мүмкіндігі  бар. Сондықтан, бұл тұрғыда күш – бұл халықаралық саяси әрекеттің негізі және басыңқы құрал [2].

АҚШ-та әскери күшті пайдаланудың негізгі нысандары ретінде қорқыту (deterrence), мәжбүрлеу (compellence) және одақтастар  алдын-  да міндеттемелерді орындау, қайта сақтандыру (reassurance) көрсетіледі [3].

Қорқыту Вашинтон сыртқы және әскери саясатының негізгі тұжырымы болып табылады. Бұл жағдайда әскери күш қарсыласушы жақтың ойластырылмаған қадамдарына жол бермеу мақсатында зарар шегу мүмкіндігі қаупін тудыру үшін пайдаланылады.

Американдық сарапшылардың пайымдауынша, мәжбүрлеу – бұл қарсыласушы жақты АҚШтың өз қажеттіліктерімен санасатын жолға күш қолдану қаупін көрсету арқылы бағыттау қабілеттілігі. Осылайша, мәжбүрлеуде күш белсенді түрде, ал қорқытуда пассивті түрде қолданылады. Қорқыту жетістігі қауіптің жүзеге аспауымен, ал мәжбүрлеу жетістігі қарсыласушы жақтың ұсынылған талаптармен келісу жеделдігімен айқындалады. Мәжбүрлеу қойылған мақсаттарға немесе қалаулы нәтижелерге қол жеткізу үшін шектеулі түрде күш қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Мәжбүрлеу дипломатиясы (coercive diplomacy) осындай іс-әрекеттің маңызды бағыты болып табылады. Қырғи-қабақ соғысы кезінде ол КСРО мен АҚШ арасындағы ядролық қарсыласудың өршу тәуекелінің болуына байланысты мейлінше сақтықпен пайдаланды. Қазіргі жағдайда ядролық шиеленіс әлеуетінің азаюына байланысты Вашингтон саясатында мәжбүрлеу дипломатиясының рөлі артуда. Бұрынғы Югославияға, Иракқа, Иранға және Ресейге қарсы санкциялар мен эмбаргоны пайдалануы бұған дәлел болып табылады.

Одақтастар алдында міндеттемелерді қайта растау АҚШ үшін халықаралық әскери-стратегиялық жағдайды жақсартуға  және  әлемде-  гі қолайлы ахуалдың орнауына бағытталған. Одақтастармен және әріптестермен қатынастарды жақсарту, аймақтық тұрақтылықты нығайту және әскери бәсекелестікті азайту қайта сақтандырудың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттарға қол жеткізуге қарулы күштердің алдыңғы шепте болуының, әртүрлі аймақтар арасында әскери бөлімшелердің айналымының, бірлескен жаттығуларды өткізудің және әскери көмек көрсетудің қисындасуы ықпал етеді.

Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін қабылданған ұлттық қауіпсіздік стратегияларына талдау  жасай  отырып,  әлемдік  сахнада әскери күшке сүйену мүмкіндігі қарастырылғандығын көруімізге болады.

Президент Б. Обаманың сыртқы және әскери саясат жөніндегі ұстанымы сайлау науқанына дейін қалыптасты. Атап айтқанда, халықаралық саясатта күш қолдану рөлін азайтуға, халықаралық дауларды шешуде қару қолданудан бас тартуға шақырды. Б. Обаманың либералдық сыртқы саяси көзқарасы АҚШ сыртқы саясатының қайта қарастырылуы және әскери үстемдік талпынысынан бас тартылу мүмкіндігін көрсетті. Дегенмен, 2010 жылдың мамыр айында Вест-Пойнт әскери академиясында сөз сөйлеген Б. Обама азаматтар өміріне, одақтастардың қауіпсіздігіне қауіп төнуі жағдайында Құрама Штаттардың әскери күшті біржақты қолдану мүмкіндігін атап өтті. Халықаралық пікір маңызды болғанымен, Америка өз азаматтарын, жері мен құндылықтарын қорғау үшін келісімді қажет етпейтіндігін атап өтті.

Б. Обама әкімшілігі сыртқы саясатының әскери-саяси құрауышы

Жаһандық көшбасшылықты сақтауға бағытталған қазіргі АҚШ-тың әскери саясатының негіздері Б.Обаманың жаңа әскери стратегиясы ретінде белгілі болып табылатын 2012 жылғы Пентагонның «Құрама Штаттардың жаһандық көшбасшылығына демеу көрсету: ХХІ ғасырдағы қорғаныс басымдықтары» атты құжатында көрініс тапқан.

2014 жылдың наурыз айында Пентагон өзінің кезекті «Қарулы күштерінің жағдайы мен даму болашағына жан-жақты шолу» атты құжатын жариялады. Құжатта жаңа технологиялардың және жаңа күш орталықтарының пайда болуымен, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қауіпқатерлердің өсуімен сипатталатын өскелең дамып жатқан жағдайда Вашингтон өз алдында тұрған міндеттерді шешіп жатқандығы жөнінде айтылады. «Қарулы күштерінің жағдайы мен даму болашағына жан-жақты шолуында» «Қорғаныс жөніндегі стратегиялық нұсқауларда» бекітілген стратегиялық тұжырымдарды ескеретін ұсыныстар бар және АҚШ территориясын қорғауды, күш мүмкіндігін қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және қорқыту арқылы тойтаруды, сонымен қатар кез келген қарсыласушы жақты жеңу дайындығы қарастырылған.

Құжат авторлары үш басты ұсыныс  енгізді. Біріншіден, АҚШ мүдделерін қорғауға және әлемдегі оның көшбасшылығын сақтауға ықпал етуге бағытталған 2012 жылғы әскери стратегияға  бейілділік  болып  табылады.   Екіншіден, әлемдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қарулы күштер құрылымының теңдестірілген өзгерістері үшін қажетті шараларды айқындау. Үшіншіден, шектемелер жағдайында әскери шығыстарға бақылау орнату бойынша шараларды құрастыру.

Құжатқа сәйкес, Құрама Штаттардың ұлттық мүдделері ретінде АҚШ, оның одақтастары мен әріптестеріні қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, қуатты ұлттық экономика, әмбебап құндылықтарға бейілділік, бейбітшілік, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ететіні халықаралық тәртіп көрсетілді. Сонымен қатар қорғаныс саласындағы басымдылықтар да белгіленді: Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қарулы күштердің қайта орналастырылуы мен АТА-дағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, Еуропа мен Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Таяу Шығыс пен Африкадағы экстремистермен және лаңкестік қауіптермен күрес саласындағы жаһандық көзқарасты қамтамасыз ету, қарулы күштердің қысқартылу жағдайында басым технологияларға инвестицияларды салу, жаңа әріптестік байланыстарды дамыту және одақтастармен қатынастарды нығайту [4].

Әлемдегі қарқынды өзгеріске ұшырап жатқан әскери-саяси жағдайға бейімделу мақсатында АҚШ өзінің ядролық стратегиясын қайта қарастыруға кірісті. «Қарулы күштерінің жағдайы мен даму болашағына жан-жақты шолу» атты құжатта американдық ядролық арсеналдың ұзақмерзімді болашақта ұлттық қауіпсіздік пен мемлекет мүдделерін қамтамасыз етудің тәсілі болып болып табылатындығы көрсетілді. Осылайша. Б. Обама әкімшілгі ядролық қаруды мемлекеттің жалпы әскери әлеуетіне ядролық құраушыны түйістіру арқылы Құрама Штаттардың тұтас қуатын арттырудың тиімді құралына айналдыруға талпынуда.

Б. Обама әскери шығындардың қысқартылуына қарамастан, американдық әскери басымдылықты сақтап қалуға көңіл бөлуде. Қарулы күштері басқа мемлекеттерден сапалы түрде асып түсетін АҚШ жыл сайын әскери қажеттіліктерге басқа жетекші елдермен салыстырғанда көбірек жұмсайды және бұл көрсеткіш бойынша Қытайдан 5 есе асады. 2015 жылға арналған АҚШ-тың әскери шығындары 585 млрд АҚШ доллар көлемінде бекітілді. АҚШ-тың шетелде 800-ге жуық әскери объектілері бар.

Қазіргі американдық әскери стратегия қарулы күштер санын қысқарта отырып, олардың тиімділігі мен жаһандық ауқымда күш-қуатты көрсете білу мүмкіндігін қарастырады. Осыған байланысты арнайы операциялардыі рөлі артуда. Қарулы күштер тұрақтандыру бойынша ауқымды, ұзақ операцияларды өткізуден шектелген миссияларға (лаңкестікпен күрес, жаттығулар өткізу, жергілікті тәртіп сақтау күштеріне көмек) қайта бағдарланатын болады.

Қаражатты үнемдеу мақсатында жаһандық қауіпсіздік жүйесін құру бойынша бірлескен қызметті ұйымдастыруға одақтастар мен әріптестерді тарту міндеті қойылған. Геосаяси жағдайдағы өзгерістерді, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерінің пайда болуын, қаржылық шектеулерді ескере отырып, АҚШ қорғаныс ведомствосының басшылығы кең ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті қарулы күштер құруды жоспарлап отыр. Теңіз пехотасының корпусын 190 мыңнан 182 мыңға,  құрлықтағы әскерді 520 мыңнан 440-450 мыңға дейін, ал 2017 жылға таман АҚШ Ұлттық гвардиясы жеке құрамын 355 мыңнан 335 мыңға дейін қысқарту жобалануда.

Қазіргі таңда АҚШ Қарулы күштері өз мемлекеті мен оның одақтастарын қорғау бойынша қарулы қақтығыстарға және де ел ішіндегі және шетелдегі апаттар салдарларымен күресуге, жаппай қырып жою қаруының таралуына қарсы тұруға, кибер қауіптермен күресуге тартылуы мүмкін. 2014 жылдың қазан айында Африкаға Эбола безгек ауруының таралуымен күресу үшін 4 мыңға жуық америкадық әскерилердің жіберілгендігін атап өтуге болады.

АҚШ сыртқы саяси және әскери стратегиясының маңызды институты ретінде Солтүстік Атлантикалық Одақ қарастырылады. 2015 жылғы АҚШ-тың жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясында қауіпсіздіктің қауіптеріне қарсы тұру үшін НАТО күштерін модернизациялау мәселесі атап өтілген [5]. Бұл әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі АҚШ-тың бейілділігін нығайту, агрессияға жол бермеу мен туындайтын кез келген қауіптерге қарсы тұру мақсатында НАТО-ны жаңғырту үшін қажет. Сонымен қатар жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясында мемлекет азаматтарына немесе одақтастарына қауіп төнген жағдайда біржақты әскери күшті пайдалану құқығы көрсетілген. Бұл НАТО бойынша одақтастарын, әсіресе, Балтық елдерін Ресейдің ықтимал агрессиясынан қорғау дайындығын көрсетеді.

2014 жылдың 4-5 қыркүйек аралығында өткен НАТО-ның Уэльстегі саммитінде Украинадағы Ресей әрекеттері ресми түрде еуроатлантикалық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп-қатер ретінде мойындалды. Сондай-ақ саммитте НАТО-ның ұтқыр күштері (NATO Response Force) құрамында дайындығы жоғары алдыңғы қатарлы арнайы топ (Very High Readiness Joint Task Force) құру туралы мәселесі шешілді. Саммит декларациясына сәйкес, НАТО-ның шығыстағы шекарасында орын алған жағдайға байланысты осындай бөлімшелерді құру қажеттілігі туындады. Штаб-пәтері Шығыс Еуропаның бір мемлекетінде орналасатын құрлықтағы, әуе және теңіз бөлімшелері болады. Бұл топтардың Ресеймен шекаралас жерде орналасатындығын атап өткен қажет [6].

2015 жылдың 21-22 қаңтар аралығында Брюссельде өткен НАТО Әскери комитеті отырысында «Жаңа қауіп-қатерлерге жауап берудегі ұйым қарулы күштерінің дайындығын жақсарту жоспары» (NATO Readiness Plan) қарастырылды. Одақ мүшелері қорғанысқа он жыл ішінде ЖІӨ-ның 2% дейін шығындарды арттыру бойынша ортық шешімге келді. Шығыс Еуропадағы НАТО күштерін арттыру бойынша шығындарды Вашингтон өз мойнына алатын болды [7].

Осылайша, АҚШ-тың стратегиялық құжаттарына талдау жасай отырып, оның бірмәнді еместігін атап өтуіміз керек. Бір жағынан Вашингтонның әскери стратегиясы қазіргі геосаяси шынайылылыққа және Құрама Штаттардың қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуіне бағытталған. Екінші жағынан, Обама әкімшілігі әлемдік үстемдікті және де басқа әлемдік күштер орталығымен қатаң бәсекелестікке түсу үшін әскери-стратегиялық әлеуетін сақтау ұмтылыстарынан бас тартпағандығына куә болудамыз.

 

Қорытынды

 Қорыта айтқанда, қазіргі АҚШ әкімшілігінің қорғаныс саясаты әскери-техникалық артықшылықтарын пайдалана отырып, жаһандық американдық әскери-саяси үстемдігін сақтап қалуға бағытталған.

АҚШ қорғаныс стратегиясы 3 қағидатқа негізделген:

  • Құрама Штаттардың территориясын қорғау (шабуылды тоқтату және тойтару,ықтимал шабуылдар мен табиғи апаттардың салдарларын жеңілдетуде азаматтық үкіметке көмектесу);
  • Жаһандық қауіпсіздік жүйесін құру (аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қарсыластарды тойтару, одақтастар мен әріптестерді қолдау, қауіпсіздіктің жалпы проблемаларын шешу үшін басқа мемлекеттермен ынтымақтасу)
  • Күш көрсету және шешуші жеңіске қол жеткізу (агрессияны тоқтату, лаңкестік торларды әлсірету және жою).

Алайда, Құрама Штаттар өзінің күш-қуатына қарамастан өз қорғаныс  саясатын  жүргізуде  белгілі  бір  кедергілерге  кезігеді, сондықтан мақсаттарға қол жеткізу үшін одақтастармен, әріптестермен ықпалдасуға ынталы болуда. АҚШ Азия-Тынық мұхиты, Таяу  Шығыс  және Орталық Азия аймақтарында екіжақты және көпжақты әскери ынтымақтастықты дамытатын болады.

Автордың аты-жөні, тегі: Күзембаева Ә.Б.

https://articlekz.com/kk/article/17229

Әдебиеттер

 

  • Morgenthau H. Truth and Power. – New-York, 1970. – Р.
  • Kenneth Waltz. The Spread of Nuclear Weapons: More May Better». Adelphi Papers, Number 171. London: International Institute for Strategic Studies, 1981. – P.4.
  • Earl H. Tilford, Jr. National defense into the 21st century: defining the issues. A Special Report from the Strategic Studies Institute // http://www.strategicstudiesinstitute.army.mil/pdffiles/PUB264.pdf. [Accessed 03.2015].
  • Quadrennial Defense Review 2014 // http://www.defense.gov/pubs/2014 _ Quadrennial_Defense_Review.pdf [Accessed 20.03.2015].
  • The 2015 National Security Strategy // https://www.whitehouse.gov/sites/ default/files/docs/2015_national_security_strategy.pdf [Accessed 20.03.2015].
  • Wales Summit Declaration // http://www.nato.int/cps/en/ natohq/official_texts_112964.htm [Accessed 03.2015].
  • Statement by the NATO Defence Ministers on the Readiness Action Plan // http://www.nato.int/cps/en/natohq/official_htm [Accessed 22.03.2015].

2. Францияның ұлттық қауіпсіздігі

  

 Ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясаты және Франция

  

 ... Болашақта Француздар ортақ еуропалық сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын әлемдік тәртіптің көпжақтылығын құрайтындығында сенімді. Осы позицияда француздар Ресейдің позициясымен сәйкес келеді. Жак Ширактың ойынша ортақ сыртқы саясат пен қауіпсіздікте Еуропалық одақ пен ресейдің әріптестігін дамыту қажет дейді.  

  

 Француздар ортақ сыртық саясат пен қауіпсіздіксаясатында біраз үлес қосқан болатын. ЕО бұл салада біраз келіспеушіліктер бар. Француздардың ойларынша бұл бұл сала дамып, еуропалық қауіпсіздік архитектурасының кепілі болу қажет дейді.

  

 Францияның ықпалының нәтижесінде құрылған енді Еуропалық Одақ мүшелері 1970ж. айналыссып келе жатқан Еуропалық саяси ынтамақтастықтың орнын басып келе жатқан ортақ сыртқы саясат пен ортақ қауіпсіздік саласына бағытталуы тиіс. Ортақ сыртқы саясат ортақ қауіпсіздік саясаты енді бүкіл халықаралық қатынасқа тарап келе жатыр. Бірақ ол қорғаныс және әскери саясатты қоспады. Ол тек өзара кеңестерді қамтымайды, сонымен қатар еуропалық одақ мүшелерінің арасында ортақ позицияға тоқталу.

  

 Жалпы Еуропалық одақ 10 жыл бұрын қабылдаған жоспарын жүзеге асырып интеграцияның одан ары тереңдетіп отыр. Еуропалық Одақтың халықаралық аренада орын біршама өсті. Себебі 1980ж. Еуропалық одақты халықаралық аренада сауда-экономикалық топ ретінде көрсе, енді Еуропалық одақ әлемдік саясатта маңызды шешімдерді шешуге рөлі актор ретінде кіріп отыр. Франция жалпы еуропалық сыртқы саясатты қолдаған ең негізгі инициаторлардың бірі болып табылады. Себебі Франция Еуропалық одақтың одан ары құрылуы еуропалық армиямен бекітілген қорғаныс саясатынсыз, арнайы органдармен құрылған ортақ сыртқы саясатсыз біріккен еуропа идеясы жоққа шығатынын түсінген бірден-бір мемлекет болып табылады. ...

  

 ІІІ.  ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУІПСІЗІДКТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

  

 ... 40 жылдан астам уақыт бойы еуропаның құрылысы экономикалық салада ғана жүзеге асты. Ал қорғаныс, сыртқы, қауіпсіздік саясаты тек Маастрихт кездесуінде шешілді. Ортақ армия құру мәселесі алғаш рет 1998ж. Франция мен Ұлыбританияның кездесулерінде шешіле бастады. Кельндегі, Хельсинкідегі кездесулер Амстердамдағы қабылданған мәселелерді біршама алға қоюға тырысты. Кельнде Еуропалық Одақ өз әскери құралдарын Еуропалық корпус құрды. Онда Франция, Германия, Бельгия, Испания, Люксембург кірді/64/.

  

 Ал Хельсинкіде  2003ж. мемлекеттер қарулы күштермен қамтамасыз етуге дайындалу қажет. Ол армияның саны 50-60 мың адамға жету қажет. Бүл күштер бақылау, басқару, инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етілуі қажет еді. Сол аралықта еуропалық әскери штаб құрулу қажет.

  

 Бірақ Еуропаның қорғаныс саласындағы құрылымдарының жаңалануы еуропалық мемлекеттердің қарым-қатынасына әсер етеді.

  

 Осындай жағдайларда Еуропа қауіпсіздік саласына көбірек көңіл бөлуі керек. Ол халықаралық жағдайға, еуропалық мемлекеттердің талаптарына жауап беруі қажет.

  

 Жаңа президент Н. Саркозинің билікке келуі біршама өзгерістер жасады. Ол заңсыз миграцияға тиым салды.

  

 ХХ ғасырдың аяғында Еуропа және бүкіл әлем қақтығысып отырған мәселелер глобальды сипатта. Осы мәселелерді шешуде біріккен Батыс еуропа халықаралық қатынастардың ықпалды мүшесі болып табылады. Ол өзінің алдына Еуропалық Одақ келісімімен жасалған ортақ қорғаныс саясатын мақсат етіп қояды. Жалпы бұл жаңа қауіпсіздік жүйесінің құрылуын білдіреді.

  

 Сондықтан да қазір әскери мен әскери емес қауіпсіздіктің, ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің арасында да шекара жоқ. Әлем глобализацияға ұшырап жатыр, сондықтан ешқандай мемлкет жек мұндай қауіп-қатерлерді жеңе алмайды. Мұндай жағдайда Еуропа өзіне қауіпсіздік сферасында жауапкершілік алу қажет.  ...

 

 Әдебиеттер: http://examenna5.net/work/2746

 

 Арыстанбекова А.Х. Франция и европейское строительство// дипломатический круьер. – А., 2000. - №3. – С. 198-169.

 2. Әліпбаев А.Р. Еуропалық қауіпсіздік мәселесіндегі «Париждік келісімдердің»// маңыздылығы. Вестник КазҰУ.Серия ХҚжәне ХҚ.2005.-№1(7)- С.62-65.

 3. Байзакова К.И. Вопросы Европейской безопасности и обоброны во внешней политике Франции.// Вестник КазГУ.Серия МОиМП.2005.-№1(7)- С. 37-43 .

 

3. Жапонияның ұлттық қауіпсіздік концепциясы

ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫХХ ғасырдың екінші жартысынан Жапония халықаралық қатынастар сахнасында беделді Азия-Тынық мұхиты аймағының ойыншысы ретінде әрі экономикалық тұрғыдан да дамыған мемлекет ретінде байқалды. Табиғи қорларының болмауына қарамастан, Жапонияның «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында «экономикалық ғажайыптың» арқасында жоғарғы жетістіктерге жетуі Жапонияның сыртқы және ішкі саясатының өзіндік ерекшелігін байқатады.

«Қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы Жапонияның сыртқы саясатының негізгі ерекшелігі оқшауланудан бас тартып, ашықтық және көпжақты дипломатия саясатына көшкендігінде еді. Осы саясатының көмегімен жапон үкіметі биполярлы әлемдік тәртіпте өмір сүргеніне қарамастан, Кеңес Одағын қосқанда әр алуан бағыттар бойынша белсенділігін байқатып, екіжақты және көпжақты деңгейде қарым-қатынастарды дамытты. Жапонияның мұндай көпжақты дипломатиясы елдің экономикалық дамуын, оның тауарларының экспорты және шетелге жіберілген инвестицияларының көлемін арттырып қана қоймай, қарым-қатынастар орнатқан мемлекеттердің есебінен өзінің энер-гетикалық қажеттілігін қамтамасыз ете алды. Әсіресе, Жапонияның да әлемдік энергетикалық көздердің жағдайы алаңдататындығын ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы энергетикалық дағдарыс-ақ байқатты. 1973 жылдың қыркүйек айында энергия дағдарысының төніп келе жатқандығы және мұнай шикізатымен қамсыздандырудың тұрақсыздығы төңірегіндегі әңгімелер барлық жерде айтыла бастады. Осы жылдың қыркүйек айында Жапонияда сыртқы сауда қорлары мен энергетика өнеркәсібін басқару министрлігі энергетика бойынша «Ақ кітап» дайындады, онда жеткізу әдістерінің сенімсіздігіне, осыған байланысты шұғыл шаралар қолдану қажеттілігіне ерекше көңіл аударылған. Бұл қауіп сол жылдары Жапония экономикасының өсуіне байланысты болды. Жапония мұнайдың көп мөлшерін тікелей немесе жанама жолмен халықаралық компаниялардан алатын, ал үкімет пен іскер адамдар мұнай әлеміндегі биліктің компаниялардан экспорттаушы елдерге ауысқан нышандарынан байқады.

1973 жылдың қыркүйек айында шыққан «Ақ кітапта»: «Осы уақытқа дейінгі халықаралық компаниялармен жүзеге асырылған мұнай тасымалдау жүйесіндегі басқару әрекеті бұзылып бара жатыр», - деп айқын жазылды [1]. Яғни, Жапония үшін «1960 жылдарға тән тұтынушы елдердің енжарлық қатынастары болашақта жарамсыздығымен айқындалды». Халықаралық жағдайдың өзгеруіне байланысты, бастапқы американ-жапон одағының кепілдігімен жүргізілген Жапонияның сыртқы саясатында жаңа бағыт пайда болды, ол «Қор дипломатиясы» деп аталды. Оның міндеті - Жапонияның сыртқы саясатының қайта қарастыру арқылы мұнайды тасымалдау жолында кепілдік алу. Бұл бағытты жақтаушылардың ішінде ерекше көзге түскендердің бірі Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі және кейіннен ХХ ғасырдың Жапония премьер-министрі лауазымына ие болған Ясухиро Накасонэ болды. Накасонэ: «Жапония болашақта сөзсіз алдыңғы елдердің қатарына шығады, сондықтан да соқыр сеніммен «біреулердің» соңынан еру қате», - деп есептеді. «Біреулері» сөзсіз АҚШ еді. Сол себепті 1973 жылдың шілдесінде Накасонэ «Мұнай өндіруші елдерге» арналған жаңа саясат жүргізу керектігін мәлімдеді [2]. Осы мәлімдеме Жапонияның сыртқы саясатында «қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан-ақ мұнайды өндіруші мемлекеттер, яғни негізгі импорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттермен қарым-қатынастардың маңыздылығын айғақтай түсті. Қазіргі кезеңде да Жапонияның сыртқы саясатында Таяу Шығыс аймағы мемлекеттерімен байланыстар алғашқы басымдықтардың қатарына шықты. 

Жапонияның Таяу Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынастары, әсіресе экономикалық салада, яғни энергетикалық қорлармен қамтамасыз етуде қарқынды дамуда. Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, Жапонияға Таяу Шығыс немесе араб мемлекеттерінен келетін мұнай импортының көлемі 90%-ды құрап отыр. Араб мемлекеттерінің ішінде Жапония мұнайдың 25% импортымен қамтамасыз етуші Сауд Арабиясымен тұрақты қарым-қатынастарды орнатып, Сауд Арабиясы «қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан бері алғашқы орындағы мұнай шикізатымен қамтамасыз етуші мемлекетке айналып отыр. Жапония мен Сауд Арабиясының қарым-қатынастарының тарихына шолу жасар болсақ, ресми деңгейде байланыстар 1956 жылы екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуынан басталды. Сауд Арабиясы мен Жапонияның дипломатиялық мойындаудың көрінісі ретінде 1958 жылы Токиода Сауд Арабиясының елшілігі және 1960 жылы Сауд Арабиясындағы жапондық елшілік Джидахта ашылды. Жапония Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарда Парсы шығанағынан келетін мұнай көздеріне бағыныштылығы артып келе жатқан бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағы атынан әрекет етуге тырысады. Қазіргі таңда Жапония басшылығы Сауд Арабиясымен белсенді диалог жүргізуге әрекеттенуде. Мысалға, 1997 жылы бұрынғы Жапония премьер-министрі Рютаро Хасимото Сауд Арабиясында іссапармен болды. 2002 жылы сол жылдардағы жапон премьер-министрі Коидзуми де Таяу Шығыс мемлекеттеріне іссапарлары барысында Сауд Арабиясында болды. АҚШ-тың ХХІ ғасырдың басында Ирактағы әскери операциясы басталғанға дейін жапон үкіметі Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы мүшелерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен мұнаймен қамтамасыз етуде мүмкін болатын кедергілердің алдын алу үшін кеңес алмасуларды өткізген болатын. Осылайша Жапонияның Сауд Арабиясымен саяси диалогті дамытуда экономикалық мүдделестік өзіндік рөлін атқарып отыр. Дегенмен, жапондық тарап үшін қазіргі таңда Сауд Арабиясымен қарым-қатынастардағы белгіленіп отырған ағымдық мақсаттарының бастысы - осы мемлекеттегі жапондық компанияның мұнайды игеру бойынша құқықтарын қамтамасыз ету. Осы орайда 2000 жылғы Сауд Арабиясымен жасалынған жапондық ірі компаниялардың бірі «Арабия ойлдың» мұнайды игеру бойынша құқықтарын ұзарту бойынша келіссөздердің сәтсіз аяқталуы Жапонияның аймақтағы мұнайды игеру саласы бойынша ұстанымдарына елеулі соққы болып тиді. Жағдайды өзгерту мақсатында жапондық үкімет ірі көлемдегі бірқатар шараларды жүзеге асырып, нәтижесінде жетістіктерге жете алды. Яғни, 2001 жылы жапон басшылығы Кувейттегі құқықтарын ұзартуға және Сауд Арабиясымен үзілген қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіруге қол жеткізе алды. Қазіргі таңдағы Жапония мен Сауд Арабиясының қарым-қатынастары тыныштықпен және сақтылықпен ерекшеленуде. Алайда 2000 жылғы жағдай Жапонияның өзге де мұнаймен қамтамасыз ету бойынша бағыттарға назар аударуына түрткі болды. Сауд Арабиясындағы жапондық мұнайды игеру бойынша компаниямен орын алған жағдай Токионың ұстанымы келешекте қандай болары әлі белгісіз болып отырғандығын байқатты, себебі Таяу Шығыс аймағының мемлекеттерінде мұнайды игеру бойынша шетелдіктердің құқықтарын қысқарту бойынша үрдіс күшейіп келеді. Сонымен қатар «Ниссэки» сияқты мұнай алыптарының тұрақсыз қаржылық жағдайы мен қайта құрылымдық өзгерістерді бастан өткеруі де Таяу Шығыс мемлекеттері үшін өзекті мәселеге айналып отыр [3].Жапонияның сыртқы саясатында энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз ету мәселесінде Сауд Арабиясымен қатар, өзге мемлекеттермен де байланыстар маңыздылыққа ие болып отыр. Жапонияның Таяу Шығыс аймағындағы Сауд Арабиясынан кейінгі екінші сауда-экономикалық саласындағы әріптесіне Израиль айналып отыр. 1991 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі жылдарда екі мемлекеттің қарым-қатынастары толыққанды өзгеріске түсіп, Жапонияның Израильге қатысты жаңа ұстанымы қалыптасты. Жапонияның Израильге қатысты жаңа ұстанымының қалыптасуына екі негізгі фактор ықпал еткен болатын. Біріншісі, Ирактың Кувейтке шабуылы Жапонияның араб әлеміндегі бірліктің жоқтығын байқатуымен байланысты болды. «Шөлдегі дауыл операциясының» ерекшелігі араб мемлекеттерінің сыртқы күш, яғни АҚШ-тың ықпалымен саяси және экономикалық жетекшілікке ие болу үшін өзара соғысқандығында еді. Жапон үкіметі араб-израильдік қақтығыс Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін жалғыз фактор еместігін бағамдай бастады. Сонымен қатар осы дағдарыс барысындағы және одан кейінгі де Израильдің қандай да бір күш қолданудан оқшаулануы жапондық саясаткерлер және баспасөз тарабынан зор қолдауға ие болды. Жапонияның Израильге қатысты ұстанымының өзгеруіне ықпал етуші екінші фактор Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісінің «Шөлдегі дауыл» операциясынан кейін 1993 жылғы қыркүйектегі Израиль мен палестиналық азаттық ұйымы арасындағы Осло келісіміне қол қойылуынан бастап жаңа кезеңге өтуімен байланысты болды. Екі тараптың бір-бірін мойындауы Жапонияның Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісіне қатысуға және Израиль мен Жапония арасындағы саяси байланыстардың қарқындауына үлесін қосуға мүмкіндік берді. Араб-израильдік бейбіт реттеу үдерісіне Жапонияның қатысуы қажет болды. Себебі - Жапония Таяу Шығысы аймағындағы жағдайдың өз мемлекетінің қауіпсіздігі мен экономикалық дамуына ықпал ететінін «қырғи-қабақ соғысы» жылдарындағы мұнай дағдарыстары мен «Шөлдегі дауыл» операциясынан сабақ алу барысында ұғынған болатын. Сондықтан Жапония үшін Таяу Шығыс аймағында экономикалық қана емес, енді Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісіне де қатысып, саяси белсенділікті арттыруы қажет болды. Сонымен қатар араб-израильдік бейбіт реттеудің Жапонияның экономикалық мүдделері үшін аса тиімді екендігі белгілі болды, яғни аймақтағы бейбіт реттеу үдерісі қандай да бір кедергілерсіз жаңа ірі экономикалық кеңістіктің ашылуына және көптеген жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасады. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Израиль де Таяу Шығыстағы «қалыптасушы нарықтардың» біріне айналған болатын. Осындай факторлардың негізінде Жапония Израильмен қарым-қатынастар мәселесінде Таяу Шығыстағы бейбіт реттеуге қатысу арқылы саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, экономикалық байланыстарды нығайта бастады. Яғни, Жапонияның саяси белсенділігіне келер болсақ, бұл әрекет оның 1991 жылғы аймақтағы жағдайды реттеуге бағытталған Мадрид конференциясынан кейін көпжақты экологиялық жұмыс тобына жетекшілік етуінде және су қорлары бойынша, аймақтық экономикалық даму және босқындар ісі бойынша жұмыс топтарына қатысуында көрініс тапты. Сонымен қатар Жапония жаңа палестиналық Ұлттық кеңестің сайлауына бақылаушылар жіберді және 1996 жылы да аймақтағы тұрақтылықты қадағалау мақсатында БҰҰ-ның аймақтағы бақылау күштерінің құрамында 45 жауын-герді жіберді. Осы шаралар, негізінен, Жапонияның Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және бейбіт реттеу үдерісіне қатысуға ғана бағытталмай, Жапонияның Израильмен саяси қарым-қатынастарының жақсаруына ықпал етті. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Израиль мен Жапонияның екіжақты жоғарғы деңгейдегі саяси контактілері жиілей түсті. Әсіресе, 1994 жылғы желтоқсандағы Израиль премьер-министрі Я. Рабиннің Жапонияға іссапары барысында араб мемле-кеттерінің экономикалық бойкотына қатысты өз саясатын қайта қарауды көздеген және Жапония мен Израильдің арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша келісімнің қол қойылуы мен израильдік қаржы нарығының жапондық инвестицияларға ашылуын қарастырған Жапония декларациясының қабылдануы аса маңызды оқиғаға айналды. 1994 жылдың сәуірінде жапон мен израильдік үкімет екі рет салынатын салықтан бас тарту туралы келісімге қол қойды және осы ХХ ғасырдың 90-жыл-дарында азаматтық авиация туралы келіссөздерді жүргізді. Қазіргі таңда да Жапония мен Израильдің арасында әр алуан деңгейлерде кездесулер өткізіліп, халықаралық және аймақтық мәселелердің екіжақты саяси талқылаулардың негізіне айналып отыр.

Израиль мен Жапонияның арасындағы екіжақты саяси қарым-қатынастардың дамуына ықпал етуші басты фактор экономикалық мүдде екенін ескерер болсақ, сауда-экономикалық байланыстар тараптар үшін негізгі ынтымақтастықтың саласына айнала бастады. Жапониядағы ХХ ғасырдың 90-жылдарының басындағы «экономикалық ғажайып» жылдарымен салыстырғанда экономикалық құлдыраудың орын алуына қарамастан, Жапония мен Израильдің арасындағы экономикалық диалог 1993 жылғы қыркүйектегі Израиль мен палестиналық азаттық ұйымы арасындағы Осло келісіміне қол қойылуынан бастап жақсарды. Жапонияның Таяу Шығыстағы бейбіт реттеуге қатысуы аймақтық инфрақұрылымды дамытуы бойынша әр алуан жобаларға халықаралық компаниялардың дайындығына тұспа-тұс келді. Жапонияның халықаралық сауда мен индустрия министрлігіндегі Ғылым және Технология бойынша Ұлттық агенттігінің делегациясы, Кэйданрен (Жапонияның экономикалық ұйымдарының федерациясы) делегациясының 1993 жылғы сәуірдегі іссапарлары және халықаралық сауда мен индустрия министрлігінің сыртқы істер бойынша министрі орынбасары Хатакэяма мен сыртқы істер бойынша министр Шимон Пэрестің 1992 жылғы қарашадағы саяси кездесулері Израиль мен Жапонияның арасындағы өсіп келе жатқан экономикалық байланыстарды кеңейте түсті. Осындай жапондық компаниялар мен министрліктің белсенділігінің нәтижесінде 1995 жылы Израильдің экспорты 1994 жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,2 млрд долларға жетті және экспор-тың басым бөлігі жоғарғы технологиялар саласына бағытталды. Сонымен қатар, машина бөліктерінің экспорты 42%-ды құрап, 172 млрд долларға жетсе, электрондық жабдықтарының экспорты іс жүзінде екі есеге 67 миллионға өскен [4]. 

Жапонияның Израильмен экономикалық қарым-қатынастарын дамытуда Жапондық сыртқы сауда ұйымы, яғни Джетро да өзіндік үлесін қосуда. Жапонияның премьер-министрі Мураяманың 1995 жылдың қыркүйегіндегі іссапарының нәтижесінде 1997 жылға дейін Израильде Джетроның өкілдігінің офисін ашу туралы келісімге қол қойылды. Осы өкілдіктің ашылуы жапондық сауда компаниялары үшін Израильдің жаңа нарықтарын ашуда және өз нарығында да оның үлесін арттыруға ықпалын тигізді.

Жапонияның Иранмен ынтымақтастығы Жапонияның Сауд Арабиясына деген бағынышты-лықты төмендету және энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Осы тұрғыдан, энергетикалық қажеттілікті өтеуге бағдарланған жапон дипломатиясының мүдделестігі Иранды «зұлымдық белдеуі» мемлекеттері қатарына қосқан АҚШ-тың наразылығы сияқты саяси факторларға қарамастан басымдыққа ие болып отыр. Себебі, қазіргі таңда Иранның анықталған энергия қорларының көлемінің ішінде мұнай - 12 млрд тонна (әлемдік мұнай қорының 9%-ы), табиғи газ - 21 млрд тоннаны (әлемдік газ қорының 15%-ы) құрап отыр. Иран Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы мүше-мемлекетерінің арасында мұнай өндірісі бойынша Сауд Арабиясынан кейінгі екінші орынға шығып отыр. Ирандық мұнай мен газ салалары Тегеранға қатысты америкалық назарды ескере отырып, сақтықпен әрекет етуге ұмтылатын трансұлттық компаниялардың ерекше назарын аудартуда. Осы тұрғыдан Жапонияның Иранмен қарым-қатынастары АҚШ-тың назарында болып отырғандығы даусыз.Иран мен Жапонияның арасындағы экономикалық байланыстарда энергетика саласында біріккен жобалардың рөлі артып отыр. Осындай алғашқы бірлескен шара Иран мен Жапония арасында 2000 кВт-тық Хузестан провинциясының оңтүстік-батысындағы Карун өзенінде Godar Landar электрлік станцияны бірлесіп салу туралы келісімшарт болды. Бұл келісім бойынша 68,8 милн долларлық, екі пайыздық салым көлемінде белгіленді және бұл қаржы 18 жылда өтелуі тиіс.

Жапония мен Иранның энергетика саласындағы ынтымақтастығы елдің өзге де аймақтары бойынша дамытылуда. Жапонияның Иранмен энергетикалық байланыстарындағы негізгі мүддесі тоғысқан аймақ әрі әлемдегі дамытылмаған негізгі мұнай аймағы Азадеган аймағы (26 млрд-тық баррель көлемінде) болып отыр. Осы мұнай аймағы Иран мен Ирактың шекарасында орналасқан және екі мемлекет те табиғи қорларға ене алады. Сол себепті осы аймақ америкалық мүдделестіктің аймағына айналып отыр. Дегенмен, жапон үкіметі АҚШ тарапынан жасалынған қысымға қарамастан, 2004 жылы 20 ақпанда Иранмен келісімге қол жеткізе алды. Жапонияның Иранмен жасалынған келісімшартына сәйкес Inpex Corporation”, “Tomen Corp.” Және “Japan Petroleum Exploration Company Ltd.” компанияларынан құралған жапондық консорциум Азадеган мұнай аймағын 12,5 жылдық мерзімде дамытуға құқыққа ие болды. Келісімшарт бойынша Азадегандағы өндіріс 2007 жылы басталуы және шығындар 6,5 жыл шеңберінде төленуі қажет болды. Жапондық тараптың өкілдері келісімшартқа байланысты келіссөздерді жүргізу барысында олардың Сауд Арабиясындағы мұнай аймақтарын дамыту бойынша құқықтарынан айырылу есебінен болған шығындардың орын толтыруды жоспарлағандығын айтты. Екі тарап келісімнің кейбір шарттары бойынша және техникалық компоненттері бойынша келешекте белгілі бір түзетулерді енгізетіндігін байқатты. Әрине, осы келісімшартқа қол қойылудың өзі Жапонияның АҚШ-тың қысымына қарамастан, Таяу Шығыстағы экономикалық мүдделестік тұрғысынан, яғни мұнай факторының ықпалымен әрекет еткендігін байқатады. Алайда АҚШ тарапынан Жапония басшылығына Ирандағы Азадеган аймағын дамыту бойынша жоспарларын тоқтату туралы да мәлімдемелер жиілей түсті. Жапондық күнделікті баспасөздегі жарық көрген мемлекеттік деректерге сәйкес, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшылықтың мүшесі Роберт Зоэлик пен Мемлекеттік хатшының орынбасары Роберт Джозев бейресми деңгейде Жапониядан уақытша Азадеганды дамыту бойынша жоспарларын тоқтату туралы ұсыныс жасады. Жапондық баспасөзде бұл ұсыныс Азадеганды дамыту бойынша Иранға түсетін табыс оның ядролық қаруларды дамыту бойынша жобаларында шығындалуы мүмкіндігіне негізделгендігі және осы жағдайда халықаралық қауымдастықтың Иранға қарсы тұруда біріккен майдан құруда қиындықтар туғызатындығы атап өтілді [5]. АҚШ-тың мемлекеттік департаментімен қатар, 2006 жылдың ақпанында халықаралық қауымдастық шеңберінде, яғни БҰҰ-дағы АҚШ-тың елшісі Джон Болтон Жапонияның қиын энергетикалық қажеттілікке негізделген жағдайын түсінетіндігін, дегенмен ғаламдық қауымдастықтың ядролық қарудың таралуына бірлесе қарсы тұруы бойынша жұмыс істеу керектігіне иландыруға тырысты. Жапондық үкімет болса өзінің сыртқы саясатында Таяу Шығысқа қатысты бағытта ықпал етуші америкалық және мұнай факторын есепке ала отырып, ядролық қаруды таратпау және өзінің энергетикалық қажеттілігі мәселесіне де назар аударатындығын байқатты. Яғни, жапондық кабинеттің бас хатшысы Абэ осы ұстанымның қалыптасқан жағдайда Азадеганның келешектегі бағыты бойынша АҚШ басшылығымен нақты келіссөздерді жүргізіп жатқандығын білдірмейтіндігін атап өтті. Абэ баспасөз өкілдеріне: «Біз осы мәселеде ядролық қаруды таратпау мәселесі мен тұрақты мұнаймен қамтамасыз ету мәселесі де маңызды болып табылатындығын біздің ортақ мойындауымыздың негізінде әрекет етуді қалаймыз», - деп мәлімдеді [6]. 2006 жылы наурызда жапондық үкімет Азадегенды дамыту бойынша мәселеде осы ұстанымға сәйкес АҚШ тарапынан жасалынған ядролық қарудың таралуына қарсы тұруда бірлесу туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Ираннан келетін шикізатты сатып алудың мөлшерін 2%-дық деңгейде төмендету бойынша іс-шара қабылдады. Компаниялар ирандық мұнайдың импорт мөлшерін сатушылар үшін төмендетпек, бірақ Иранмен жасалынған тікелей ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша сатып алу көлемін өзгертпейді. Артынша жапон үкіметінің кеңесі Жапонияның келесі 25 жылда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұнай шикізатының импортын екі есеге арттыру керектігін мәлімдеді. Осы жағдайда жапон үкіметі Иранмен Азадеганды дамытуда АҚШ-тың наразылығына қарамастан, келісімшарт бойынша жоспарларын жалғастыруға мүдделі болып отыр және осы тұста Иранның Жапонияның үшінші ірі мұнаймен қамтамасыз етуші мемлекет екенін ескерген қажет болар. Сауд арабиясындағы жапондық компаниялардың мұнайды игеруі бойынша құқықтарынан айырылған жапон үкіметі үшін тағы да бір энергиялық қайнаркөзден айырылу елдің экономикалық дамуына ірі соққы болып тиюі мүмкін.

Жапония Таяу Шығыс аймағының мемлекеттерімен қарым-қатынастарда энергетикалық қажеттілікті өтеуде мұнаймен қатар, басқа да табиғи қорларды игеруде белсенділігін байқатуда. Жапонияның Таяу Шығыс аймағындағы газды бірлесіп игерудегі әріптестерінің қатарында Катар мен Оман алдыңғы орындарда болып отыр. Катар әлемдік газ қоры бойынша үшінші орынға ие болып отыр және жанатын газдың негізгі экспорттаушыларының бірі болып табылады. Жапония Катарда 1993 жылы қызметін бастады. Яғни, осы жылы ұлттық Катардың Басты мұнай корпорациясы (63%), америкалық «Mobil» (25%), жапондық Itochu (4%) және “Nissuo Ivai” (3%) компаниялары және Оңтүстік Кореялық «Korea Gas Corporation» (5%) компанияларынан біріккен консорциум құрылған болатын. 2002 жылдан жыл сайынғы газ тасымалдары 4,8 миллиард тоннадан асуда. Консорциум осы уақытқа дейін өзінің өнімін, яғни газды Оңтүстік Кореяға, Үндістанға экспорттау бойынша ұзақ мерзімдік келісім-шарттары бар және Араб монархияларына арналған біріккен газбен қамттмасыз ету жүйесін құру туралы жобалар да ұсынылуда. Жапонияның осы біріккен консорциумымен қатар, Катармен газды игеру бойынша өзге де маңызды іс-шаралар атқарылды. 1997 жылы «Tubu Denruoku» 25 жылға жыл сайын 4 млрд тонна көлемінде жанатын табиғи газдың тасымалданатынын қамтамасыз ету туралы негізгі келісімшартқа қол қойды және осылайша Катардың жанатын табиғи газдың жапондық корпорацияның сатылымындағы көлемі 45%-ға өсті. Басқа жапондық танымал «Tohoku Denruoku», «Tokio Denruoku», «Kansai Denruoku» сияқты компаниялар «Tubu Denruoku» компаниясынан үлгі алып, соның саясатын жалғастырды. Жапонияның Катармен газды игеру бойынша қол жеткізген жетістіктері және оның алғашқылардың бірі болып әлемдегі газбен қамтамасыз етуде әлемдік жетекші мемлекетке айналу мүмкіндігі бар Катарға алғашқылардың бірі болып келуі екі мемлекеттің келешектегі табысты қарым-қатынастарының берік негізі болмақ. 

Жапонияның Катармен қатар, газды игеру бойынша Таяу Шығыстағы әріптесінің бірі - Оман. Жапондық «Osaka Gas» компаниясы омандық нарыққа еніп үлгерді және Омандағы мұнай қорлары да жеткілікті, яғни олардың 20 жылға дейін жеткілікті болу мүмкіндігі жоспарлануда. Оманда газ кен орындары да анықталуда. Сонымен қатар Жапония үшін осы мемлекетпен ынтымақтастық тиімді болып отыр. Жапондық эксперттер Катармен ынтымақтастықтың келесі артықшылықтары барлығын айтуда: Оманның тікелей Араб теңізіне шыға алуы, оның Парсы шығанағындағы қақтығыстардың бейтарап ұстанымы, Жапонияға қатысты жылы көзқарастың болуы, Оман монархының мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жүйелі саясаты [7].

Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері де Жапонияның дәстүрлі әріптестері. Осы мемле-кеттердің мұнай үлестері - 13,3 млн тонна және 12,6 млн. тонна, ал газ қорлары – 1,5 млрд шаршы метр және 5,8 млрд шаршы метр. Жапония осы мемлекеттермен тұрақты кеңес алмасуларды екіжақты деңгейде де және халықаралық форумдар шеңберінде де жүргізеді. Жапонияның Таяу Шығыстағы саясатына әсерін тигізуші факторлардың негізгісі мұнай факторы болып отыр. 90%-дық мұнайды Парсы шығанағынан немесе Таяу Шығыс аймағынан импорттап отырған Жапония үшін осы аймақ мемлекеттерімен байланыстарда энергетикалық қажеттілік, яғни мұнаймен қамтамасыз ету алдыңғы орынға шығып отыр. Сол себепті Таяу Шығыс аймағы мемлекет-терімен соңғы жылдары экономикалық саладағы әр алуан ынтымақтастық бағдарламалары жапондық дипломатияның негізгі міндеттерінің біріне айналды. 2001 жылғы Жапонияның Сыртқы істер министрі Е. Кононың Парсы шығанағы мемлекеттеріне іссапарлары барысында дәстүрлі экономикалық қарым-қатынастарды Сыртқы істер министрлерінің тұрақты кездесулері мен Жапония-Парсы шығанағы мемлекеттерінің одағы форумы бағытында диалогті дамыту сияқты жаңа өзара әрекеттестіктік салалармен кеңейтуге ұмтылыс жасалынды. Әзірше Жапонияның ұзақмерзімдік жоспарлары жүзеге асырылу үстінде, алайда ағымдық мақсаттар да жүзеге асырылуда. Осы мақсаттардың бастысы - Таяу Шығыс мемлекеттерінде жапондық компаниялардың мұнайды игеру бойынша құқықтарын қамтамасыз ету.Осылайша, қазіргі таңдағы Жапонияның Таяу Шығыс мемлекеттерімен байланыстарынан-ақ осы аймақтың елдің сыртқы саясатында маңызды рөлге ие екендігін байқауға болады. ________________________1. Ергин Д. Добыча. Всемирная история борьбы за нефть, деньги и власть /Пер. с англ. - 2-е изд. –М.: Наука, 1968. - 601б. 2. Жүніс Қ. Ә. Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы (МЭШЕҰ) және араб елдерінің мұнай саясаты. - А., 2006. - 64-65 бб.3. Sankei Shimbun, March 23.2006//www.sankei.co.jp

4. Peter Kemp, "Crisis Forces Policy Rethink," Middle East Business Weekly, 34 (Oct. 19, 1990): 15. 5. Willy Stern, “Japan: A Willing Participant in the Arab Boycott of Israel,” in: Middle East Review, vol. 21, no.1 (Fall 1988). - P.47-53.6. Rush Shuster, “Japan: Rising Sun over Israel/ Link, vol.6, no. 51 (October 1996). Р.40-42.

http://girniy.ru/metis/Серия+международные+отношения+и+международное+правоd/part-20.html

4. Германия

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.   Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.   Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған "Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін "Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.   Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.   Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.   Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.       Қазақстан мен Германия    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.  Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.   Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.   Мемлекеттерді бір-бірімен жақын байланыстыратын мәселелердің тағы бірі – бірлескен кәсіпорындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық берік орныққан. Бұл Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.   Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде "Болашақ” бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады. Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.    Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.   Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал "Мерседес-Бенц”, "Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар. ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған "тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемлекет басшысы алдымен "DZ” банкінің ғимаратында Н.Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Астана қаласына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысады. Елбасы одан кейін Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні "Франкфуртер Альгемайне” жалпыгермандық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде. Карл Эрнст Браунер, Қазақстан-Герман сауда-экономикалық жұмысшы тобының тең төрағасы Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді.   Экономикалық мәліметтер тізбегіне көз жүгіртер болсақ, Германия Қазақстанға тауар шығарушы мемлекеттердің қатарынан нық орын алады. Тіпті, неміс тауары ұлттық экономикамызға елеулі ықпал жасап отырған қозғаушы күш деп айтуға болады. Федеративтік республика бес жылдан бері әлем бойынша тауар шығару жөнінен алдына өзге елді салған емес. АҚШ-тың өзі тізімде немістерден кейін тұр. Көлік, электр тауарлары, өндіріске қажет сан алуан жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сыртқа шығарылады. Тауар шығаруды негізінен орта және шағын бизнес міндетіне алған. Жылдар бойы нақтылы бір жабдық шығаруға дағдыланған отбасылық бизнестер де Германияда белең алған.Бұл ел Қазақстаннан мұнай, металл, химиялық шикізаттарды сатып алып отыр.   Инвестициялық саясатта екі елдің де мүддесі бір арнаға тоғысады.Қазақстан кәсіпкерлері Герман экономикасына 1 миллард АҚШ долларынан астам қаржы салса, немістер Қазақстанға 2 миллардқа жуық инвестиция салған.Екі ортадағы алыс-беріс негізінен ауылшаруашылығы саласына, тау –кен өндірісі, құрылыс индустриясы, көлік және коммуникацияға бағытталып отыр. Форумға қатысушылар бұл байланыстың аясын одан әрі кеңейтуге болатынын айтты. Нақты ұсыныс жасады.Мәселен, жоғарғы технологиялар бойынша Германияның мүмкіндігі мол. Неміс жетістігін кластер ретінде индустриялық аймақтарға, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға енгізуге әбден болады.  Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының көмекшісі Әсет Есекешов экономиканы ырықтандыру мақсатында осы форумда Қазақстанның әр аймағының мүмкіндігін барынша немістің бизнес ортасына көрсетіп қалуға шақырды. Тиімділігін, оның мүмкіндігін шетелдік инвесторлар өздері өлшеп-пішеді. Немістер әсіресе Каспий теңізі маңында мұнай өңдеу өндірісін салу жобасына қатысты ерекше қызығушылық танытты. «Самұрық» мемлекеттік холдингінің басқарама төрағасы Қанат Бозымбаев бұл форумда неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанның бизнесіне қалай кіретіні туралы толық мәлімет алғанын жеткізді. Көз ұзамай форумда өз нәтижесін берді. Түс ауа қазақстандық делегация жетекшілері қандай жобаларды бірлесе жүзеге асыратыны туралы мәлімдеме жасады.  Ал, осы елдегі Дойчебанк пен Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Петер Тиллс Қазақстанның қаржы саласына неміс банктерінің жетістіктерін енгізуге ұсыныс жасап отыр.   Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар да өз мүмкіндіктері мен инвестиция салуда жасалатын жеңілдіктерін бизнес ортаға түсіндірді. Форумға немістер жағынан 150 ден астам компания қатысты. Қазақстан Республикасының Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов экономика саласында ғана емес саяси бағытта да немістердің ықпалы қажеттігін айтты. Федеративтік Республика Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда Ұйымына мүшелікке өтуіне тілектес. Соны саяси мәселелер шешілетін алқалы жиындарда Германия өз тарапынан жие көтергені жөн. Германияның Евроодаққа энергетикалық сұранысын қамтып отырғанын ескерсек саясат пен экономиканың жолы бір арнаға тоқайласатын аңдау қиын емес. Жақын күндері Гамбургте Қазақстанның экономика күндері өтеді. Ал маусым айының басында Германияның экономика министрлігі Астанада өтетін форумға қатысады. Бірнеше облысқа сапар жасайды.   Сонымен бірге Қазақстанға Германияның президенті Хорст Келер келеді деп жоспарланып отыр.

http://kazreferat.ucoz.net/load/geografija/germanija_memleketi/16-1-0-96

5. Қытайдың сыртқы саясаты

Қазіргі кезеңдегі сыртқы саясат геосаясатта Қытай Халық Республикасына теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен құрылуда. Осы ғасырдың бірінші онжылдығында Қытай жалпы ұлттық өнімнің көлемі бойынша АҚШ-ты басып озады деген жорамал бар. «Үлкен Қытайдың» (ҚХР, Гонконг, Тайвань) экспорты жапондықтардан асып түсті. Қытайдың қаржы резерв көрсеткіштері (403,3 млрд доллар) дүние жүзі бойынша тек қана Жапония мен Тайваньға орын береді. Қытайдың глобальды стратегиясының басымдылығында жақын көршілерімен қарым-қатынас тұрақтандыру және глобальды лидерлермен бейбіт қарым-қатынаста болуын ескере отырып, қытайлық реформалар мен ашық саясат жүргізуде халықаралық қолайлы жағдайлар қамтамасыз ету орын алады. Ху Цзиньтао жаңа басшылығымен ҚХР-ң алдында «тарихи әділеттілікті қайта жаңғырту және Қытайдың маңыздылығын жандандыру» міндеті тұр. Сонымен қатар әскери-саяси міндеті – Отан аясына Тайваньды қайтару, Қытайдың Тибет пен Синьцзян (Шығыс Түркестан) тәуелсіздігіне кепілдік беру; ұлттық территория шеңберінен Қытайдың стратегиялық шекарасын көшіру. Сол арқылы, ҚХР сыртқы саясаты тікелей елдің ішкісаяси және экономикалық дамуымен байланысты. Теңдесі жоқ Қытайды экономикалық деңгейі Пекиннің сыртқы саяси және геосаяси амбициясын ынталандырады. Шын мәнінде, бұл процесс басталды. Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – экономикалық және саяси қатынастарда глобальды және аумақтық жүйеде ҚХР рөлі өсуі қазіргі таңда өте актуалды. Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендік: «Современные международные отношения» , «Мировая политика после 1945г.» және «Политика КНР на современном этапе: реалии и перспективы» , сонымен қатар «Преодоление» кітаптарындағы мағлұматтармен және көптеген авторлардың «ҚХР сыртқы саясаты туралы» мақала-зерттеулерімен толық таныстық.

Қазіргі кезде ҚХР сыртқы саяси бағытын үшке бөлуге болады:

  • Глобальды – Қытайдың глобализацияны бағалауы және өз орны мен мәнін анықтау; қытай-американ қарым-қатынасы; Батыс пен ҚХР қарым-қатынасы, БҰҰ және халықаралық сауда, геоэкономикалық мәселелер, Азия-Тынық Аумағындағы (АТА) ҚХР стратегиясы, қауіпсіздіктің Қытай саясаты.
  • Азиядағы ҚХР саясаты – Қытай-Үндістан, Қытай-Пакистан қарым-қатынастары, ҚХР-ң сыртқы саяси стратегиясындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Солтүстік-Шығыс Азия мен Қытай мүдделері, Орта және Таяу Шығыс.
  • Қытай мен Евразия – Қытай-Ресей қарым-қатынастары, Орта Азиядағы Қытай стратегиясы, ішкі Евразиядағы энергетикалық пен коммуникациялық жобалары.

Курстық жұмысымыздың мақсаты — осы ҚХР-ң үш сыртқы саяси бағыттарына сипаттама беру.

.

Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана отырып, ҚХР сыртқы саясатынының даму барысына жан жақты талдау жасау. Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және қолдыналғын әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі туралы, ІІ тауарында Қытай және Батыс қарым-қатынастары туралы, ІІІ тарауында Қытайдың Азиялық стратегиясы туралы, IV тарауында Евразиядағы ҚХР стратегиясы туралы мәселелер қарастырылған.

.

Қытай Халық Республикасының ресми сыртқы саяси доктринасы

Қытайдың қазіргі сыртқы саясаты елдің қазіргі ішкі саясаты мен стратегиялық міндеттерімен тығыз байланысты. Өзгеріс сипаты төмендігі жағдайлармен сипатталады.

Бірінші. Қытай жаңа басшылық бағытының басты мақсаты экономикалық деңгейінің жоғарғы темпін сақтаумен қатар қоғамның әлеуметтік рухани-өркениетті құрылымын сапалы жетілдіру, «реформа мен ашық» саясатты тереңдету және жалғастыру.

Екінші. Бүкіләлемдік экономикалық жүйеге белсенді түрде интеграцияға және жаһандық ортақ дүниежүзілік тенденциясына енуі. 2001 жылы ҚХР ресми түрде Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болды. ХХІ ғасырдың бірінші жылдары Қытай экономикасы үшін сәтті болды.

2002-2003 жылдары болжамда көрсетілгендерден ерекше қолайлы болды. Ең алдымен, экономикалық деңгейдің (жылдық өсім 8,7% және 9,1%), сыртқы сауда көлемі мен сыртқы сауда балансының сальдосының, тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың, валюта резерв көлемі мен басқа көрсеткіштердің өсу қарқынымен байланысты. Мысалы, жалпы ішкі өнім 2003 жылы 11,67 трлн юань, сыртқы сауда айналымы 851,2 млрд долл, жылдық өсім – 37 % және осы көрсеткіш бойынша ҚХР дүниежүзінде 4 орынға ие. Осының бәрі реформа мен ашық сәтті саясатының нәтижесінде Қытай мен дүниежүзінің өзара тәуелділігінің тереңдей түсуін дәлелдейді.

Үшінші. Халықаралық жағдайға баға бере отырып, Қытай басшылары қазіргі кездегі дүниежүзлік саясаттың көзі бейбітшілік пен даму мәселесінде деп түсінеді. Яғни, халықаралық жағдай разрядка тенденциясын толығымен көрсетеді, басты державалар арасында қарым-қатынас тұрақтандыру жағына дамуда және саяси диалог пен ынтымақтастық негізі бірте-бірте нығаюда.

2003 жылдың соңындағы Компартияның Орталық Комитетінің жаңа мақсаттарымен қатар 2005 жылы ресми түрде жаңа басшылық елдің бейбіт түрде жандану туралы жаңа сыртқы саяси концепциясын жарияланды. Қытай қайтадан тек бейбіт жолмен жандана алады. Соңғы жартымыңжылдықта басты державалардың (мысалы, Испания, Ұлыбритания, СССР мен АҚШ, т.б.) көтерілуі мен құлдырау тарихына салыстырмалы анализ жасай отырып, Қытай сарапшылары осы державалардың соғыс нәтижесінде өз гегемондықтарын жаулап алды және жоғалтты деген шешімге келді. Қытай қазіргі кездегі бейбітшіл халықаралық жағдайдағы мүмкіндіктерді қадірлеуі керек. Оның алдында екітұтас міндеті тұр: өз экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы түрде дамуына осы мүмкіндіктерді қолдануға тиіс, сонымен қатар бейбітшілікті нығайтуға барлық күшін салуға тиіс.

Қытай дамуының тірегі — өзінің жеке күші. Ол ішкі және сыртқы саясаттың кең көлемді ішкі қытай нарығына, жұмыс күшінің таусылмацтын резервтеріне, тұрғындармен жиналған валютаның үлкен қорына, жаңа социалистік тәртіптің тиімділігіне және Қытай халқының мықты шығармашылық күшіне сүйене отырып, бағыты мен тәуелсіз түрде даму жолын таңдауы керек. Қытай өзін-өзі изоляция аясатын жүргізбеуі керек.

Төртінші. 80 жылдардан бастап Қытай белсенді түрде бейбіт сыртқы саясат жүргізе бастады. Оның жағдайы мен мүмкіндіктеріне байланысты халықаралық рөлін нығайтуға ниет етті. Қытай үкіметінің сыртқы саясатының ұзақ мерзімді мақсаты елдің модернизациясын сәтті алға басуындағы бейбіт халықаралық жағдайын сақтау болып табылады.

Азия-Тынық аумағында (АТА) көпжақты дипломатияның принциптеріне сүйене отырып, қытай үкіметі «бейбіт жандану» стратегиялық концепцияның басты бөлімі – қытай-американ қарым-қатынасының дамуы. Бейбіт жандану процесінде таяудағы 20-50 жыл Қытайға американ инвестицияларын, американ нарығына шығу мүмкіндіктерін, ғылым мен техниканың басты жетістіктерін, экономикалық дамудың тәжірибесін қолдану қажет. АҚШ-ң жау мемлекетке айналдыру ҚХР үшін қолайлы емес. Осы мәселе ІІ тарауда қарастырылады.

Халықаралық қатынастардағы проблемалы мәселелер: Пекин позициясы

ҚХР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға маңызды кедергілер бар, олар:

  • Вашингтон мен Пекин арасындағы саяси-идеологиялық келіспеушілік. АҚШ-тың дәстүрлі антикоммунизмі адам құқығы, сөз бен дін бостандығы, т.б. түсініктердің интерпретациясы туралы баяғыдан дискуссиялардан көрініп жатыр.
  • Қытай экономикасының динамикалық дамуы мен ішкі жалпы өнімнің тез өсуімен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қақтығыстар, әсіресе юанның конверсиялау мәселесімен қатар дами түсуде.
  • Тайвань мәселесі бойынша келіспеушілік. Пекин бейбіт бірлестікке ұмтылады, ал Тайбэй «бейбіт бөліну».

Қытай үкіметі Жапония қарым-қатынастарындағы үш мәселе бойынша қарама-қайшылықтары:

  • Қытай мамандарының ойынша Жапония агрессиясының мысалы болып келетін әскери тарих эпизодтарының жапон интерпретациямен Қытай келісе алмайды.
  • Дяоюйдао (Сэнкаку) аралы маңындағы территория шиеленісі. Тарих бойынша, сонымен қатар халықаралық құқық нормаға сәйкес бұл қытай территориясы болып табылады. 1951 жылы АҚШ Қытай халқын кемсіту мақсатында заңсыз түрде Жапонияға берді.
  • Тайвань статусы жөніндегі мәселеде Жапонияның тұрақты және жүйелі болмауы.

Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстік-шығыс көршілерімен қарым-қатынасының территориялық дауына жататын тағы бір проблема бар. Бұл шиелініс — халықаралық қатынастар туралы әдибиетте Спратли аралдары деп аталатын аралдарының тиістілігі. Тарихи тұрғыда бұл аралдар ҚХР-ға жатады. Аумақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін Қытай тәуелсіздік туралы дауды тоқтатып, ресурстарды өзара эксплуатациялауды ұсынды.

ҚХР-дағы сыртқы саяси шешімдерді жете зерттеудегі ықпал етуші топтар

Таяу жылдары ҚХР-ң сыртқы саясатының стратегиясын жете зерттеуге өз ықпалын мемлекет басшылығындағы үш негізгі топ тигізе алады: Цзэн Цинхун: Қытай Компартиясың 16 съезі, Орталық Комитетінің бірінші пленумының шешімі бойынша Цзэн Цинхун ҚКПОК тұрақты комитеті Политбюрода халықаралық қатынастарға жауап береді. Сонымен қатар, оныншы шақырудың ВСНП бірінші сессиясында ол ҚХР төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл Пекиндегі шетел дипломатиялық корпус өкілдерімен қатынаса отырып, мемлекеттің сыртқы саясатына ықпал ету мүмкіндігін береді.

Вэнь Цзябао: Мемлекеттік Кеңес премьерінен Вэнь Цзябао сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге өкілдік берілді. 28-30 сәуірде 2003 жылы пневмония мәселесі бойынша Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН) мемлекеттері Қытай басшыларының төтенше саммитіне қатысу үшін Бангкокқа визиті болды. Осы форумда Вэнь Цзябао жаңа Қытай үкіметінің «Қытай –АСЕАН» еркін саудаға біртұтас зона құрылуының жоспарларын қолдайтындығы және «Оңтүстік-Шығыс Азиядағы достық және ынтымақтастық туралы келісімге» қосылатындығы жайында мәлімдеді. Сонымен қатар АҚШ әкімшілігінің басшыларымен қарым-қатынас жүргізу Вэнь Цзябао басшылығында. Ол сянгандағы (Гонконг) демократиялық қозғалыстың басшыларымен өзара қарым-қатынас мәселесін қарастырады.

Цянь Цичэнь:

Сыртқы Істер Министрлігіне ықпалы бар, халықаралық қатынастарға жауапты, Мемлекеттік Кеңес премьерінің орынбасары қызметін 2003 жылдың наурызынан бастап атқарып келе жатыр. Ол 2003 жылдың қараша айында қытай делегациясын басқарып ресми емес американ-қытай диалогы шеңберінде Тайвань мәселесін талқылауға АҚШ-қа визиті болды.

Қытай және жаһандану проблемалары

Сыртқы саяси басымдылықтарды анықтауда қытай лидерлерінің қазіргі кездегі тәсілдерінің негізінде жаһандануға деген прагматикалық қатынас жатыр. Глобализацияға деген қытай тәсілі екі жақты қабылдау негізінде құрылған. Бір жағынан, реформа мүддесінде глобализация мүмкіндіктерін қолдануға ұмтылу, екінші жағынан – оның қытай экономикасы мен әлеуметтік-саяси тұрақтылығына деген қаупінен қауіпсіздендіру. Бұл тәсіл саясат пен экономиканы бөлу принципіне негізделген. Глобализаця процесіне ҚХР-ң тарту бағыттарының бірі аумақтандыруға қатысу, бұл интеграцияға бағытталған экономикалық глобализация этапын көрсетеді. Қытай аумақтық және субаумақтық ынтымақтастыққа, әсіресе мемлекеттің шығыс азиат тобының жұмысына қосылуы керек. Осылай, глобализация жағдайында Қытай өзінің шекарасы шеңберіндегі жағдайды тұрақтанлдыру мен қарым-қатынас орнатылмаған мемлекеттермен дипломатиялық келісімдер жүргізу және басқа елдермен, әсіресе Ресеймен жақсы қарым-қатынасты қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

Экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық тәуелсіздік қорғау мақсатында қытай келесі жаңа сыртқы-экономикалық принциптерді ұстанады: Бірінші принцип: дамып жатқан елдер Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, яғни өсу деңгейінің жеке ресурстарын қолдана отырып, глобализацияның қатеріне жауап бере алу.

.

Екінші принцип: Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша қарым-қатынасты дамыту. Сонымен қатар Қытай бысшылығының айтуынша кедей мемлекетіндегі тұрмыс жағдайын жақсаруы барлық елдердің, ең алдымен дамыған қамқорлығы болып табылады.

Үшінші принцип: Адал бәсекелестік пен теңдік негізіндегі халықаралық істерде барлық мемлекеттердің қатысуын болжайды. Төртінші принцип: Теңсіздік пен өзара пайда мүддесінде тұраты әріптестіктің ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату. Глобализация жағдайында, сыртқы саясаттың басты міндеті мемлекеттік тәуелсіздікді қорғау болып табылады.

Шын мәніндегі жаңа жаһанданып келе жатқан Қытаймен АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея өз қарым-қатынастарының стратегиясын өзгертуге объективті түрде міндетті. Яғни, олардың Қытай мемлекетінің өсіп келе жатқан экономикалық пен саяси роліне деген әсер тигізуіндегі бағыттары. Дүниежүзілік саясатта қазіргі күннің өзінде де халықаралық режимдер мен механизмдердің құрылуын қиындататын батыс деморкатиясына жат болса да, Қытай өз аумақтық және глобальды мүдделерін ескеруді міндеттей отырып мықты күшке айналуда.

http://kazorta.org/ytajdy-syrt-y-sayasaty/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу