08.02.2023
  80


Автор: Намаз

Намаздағы бөтен ойлардан қалай құтыламын?

 


Адам баласының ойы шексіз екені мәлім. Пенде болғаннан кейін намазда да еріксіз санқилы ойдың келуі табиғи жайт. Мұнда шайтан малғұнның да үлесі жоқ емес. Өйткені, азан айтылып, қамат түсіріліп болғаннан кейін ол намаздағы адамға келіп, жай уақытта ойына келе бермейтін нәрселерін еске түсіріп тұрады екен. Осылайша адам шатасып, қанша рәкәғат оқығанын білмей дал болады[29]. Дегенмен «ифтитах тәкбірін» тартқан кісі, ойын жинақтап, бар ынтасын намазға шоғырландыруға тырысуы керек. Ол үшін әр қимылда айтылатын тәкбірдің, сәжде мен рукуғта айтылатын дұғалардың мағынасын іштей ұғынып оқыңыз. Бұл ойыңыздың намазға шоғырлануына көмекші болады. Мысалы, «Аллаһу әкбәр» деп тәкбір тартқанда «Алла ұлық» деген мағынасын да санаңызға келтіріп тұрыңыз. Рукуғ пен сәждеде айтылатын дұғаларды да солай мағынасымен түсіне отырып орындаңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу