08.02.2023
  87


Автор: Намаз

Бесінде қамат түсіріліп жатса, сүнетін оқимын ба?

 


Сіз айтып отырғандай әлдекім, бесін намазына мешітке келгенде қамат түсіріліп жатқан болса, немесе жамағат парызға бастап қойған болса, сүннетті оқымай жамағатқа келіп қосылады. Жамағатпен парызын оқып болғаннан кейін алдыңғы оқымаған сүннетін оқиды. Өйткені «Сахих Муслимде» келген бір хадисте Алла елшісі былай деген «Қамат түсіріліп жатқанда парыз намазынан басқа намаз оқылмайды»[10]


Оқылмаған әлгі төрт бас сүннетті парыздан кейін оқылатын екі ракағат намаздан бұрын оқыған абзал[11]. Бұл сүннетке бастамаған кісі үшін.


Ал бір кісі бесіннің алдыңғы сүннетін оқып бастаса және азаншы қамат түсіріп жамағат парызға тұра бастаған жағдайда, бұл сүннетті екіге толтырып аяқтайды да, жамағатқа ілеседі. Толық оқылмай қалған төрт ракағат сүннеттін парыздан кейін төрт рәкәғат етіп өқиды. Сүннеттің үшінші рәкәғатының сәждесіне барған уақытта қамат түсіріліп жатса, төртке толтырып соңына дейін оқып бітіріп, жамағақа ілеседі[12].




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу