08.02.2023
  59


Автор: Намаз

Ақшам намазының үшінші ракағатына үлгерген адам алдыңғы екі ракағатты қалай өтейді?

 


Шам намазының үшінші рәкәғатына ғана толығымен үлгерген кісі үш рәкәғат намаздың екеуін жіберіп алды деген сөз. Ол кісі:



  • Үшінші рәкәғатты имаммен орындап, соңғы отырыста тек тәшәһһуд дұғасын ғана асықпай оқиды да имамның сәлем беруін күтеді.
  • Имам сәлем бергеннен кейін «Аллаһу әкбәр» деп, оқылмай қалған екі рәкәғаттың біріншісіне тұрып, Сәнә, әғузу мен бисмилләны айтып, фатиха және зәм сүре (қосымша сүре) оқиды да рукуғы мен екі сәждеден кейін «ат-тахият» дұғасына отырады.
  • Тәшәһһуд дұғасынан кейін оқылмай қалған екі рәкәғаттың екіншісіне тұрады. Бисмилләны айтып, фатиха мен тағы да зәм сүресін қосып оқиды. Рукуғы мен сәждесін орындап, «ат-тахият», «салауат» және «рәббәнаны» айтып екі жаққа сәлем беріп намазын тәмәмдайды.
  • Оқылмай қалған екі рәкәғаттың біріншісінде тәшәһһудке отырмай тұрып кетсе, намаз соңында сәһу сәжде керек емес.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу