08.02.2023
  82


Автор: Намаз

Намаздарын үйде оқыған адамға «азан» айтып, «қамат» түсүру қажет пе?

 


Бес уақыт намаз бен жұма намазына және қаза намаздарына азан айтып, қамат түсіру [1] – ер кісілер үшін сүннет. Ал әйелдерге – мәкрүһ[2]. Яғни, әйел адам намаздарын азан мен қамат түсірмей-ақ оқығаны дұрыс.


Намаздарын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсірмесе де болады. Өйткені, сахаба Абдулла бин Мәсғуд (р.а.): «Қалада түсіріліген қамат жеткілікті», – деп үйінде жолдастарымен бірге намазды азансыз және қаматсыз оқығандары риуаят етілген[3]. Алайда, азан айтып, қамат түсіру сауапты іс екенін естен шығармағаныңыз жөн[4].




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу