Өлеңдер ✍️

  02.12.2022
  444


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Қар, жауып тұр

 


Көк-Төбенің қар басып, қияқтарын,
Дала жатыр, ақ парақ сияқтанып.
Күз батыры кешегі қара қырау,
Кетіп жатыр, қимас бір күй ақтарып.


Көңілді де, жатыр ақ, сайраттырып,
Аймақ тұнып, жандар жүр, жайнап күліп.
Жаңа ғана келгендей періште боп,
Бойымды тұр, бір тылсым айбат қылып.


Қысты қалай тұрмайын, ұрандамай,
Ауып тұрса мінез де, бұған қарай.
Тартып туар, табиғат мезгіліне,
Келгендей ме, бұ да тек, шыдамға бай?!


Оймен кеттім, бала боп, асып қырдан,
Кедергілер жоқ жолда, асықтырған.
Осы мезгіл әр жылы, алғаш күннен,
Құштарлықпен, жалғанға ғашық қылған.


Қар жауып тұр, тоқтатпай, жел екпінін,
Бар асылын төккендей, елеп Күнім.
Ойықтарды, маржанға толтырғандай,
Мендегі сәт, ерекше, бөлек бүгін!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу