Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  126


Автор: Түрік поэзиясы

Астына алдым сені қамшының...

Астына алдым сені қамшының,
Тəубеден басталды рақым дүрелер.
Естідің тəндегі жан үнін,
Кеудеңде жүрек дүрсілдер.
Адамға ұқсап жылайсың сен енді,
Алдыма жайып сап денеңді.
Жылдамырақ болатын бұдан да,
Кенеп желкен шыдайды, еседі.
Арам ойсыз шығамын айдынға,
Өткен күннен хабар бар деседі
Шынар ағаш суда мүлгиді кешегі.
Жүрегім толқиды кемедегідей,
Көп қарадым, көбірек мұздатып.
Жылдарға еркелік жасағым келді ме,
Жараны ескілеу сыздатып.
Қуалап жел соқты
Қабірмен су арналарын тербетіп.
Қалтарыстарда күрсінеді іш тартып,
Күбірлейді суық жел ентігіп,
Тығырыққа тірелді уақыт,
Басқа көшеге апарды бір бағыт.
Ғашықтық сезіммен тербеліп,
Теңізбен сырласам мұң басып.
Күн көзі көрінбей сенделіп,
Торығам тұманмен жымдасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу