Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  100


Автор: Түрік поэзиясы

ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЫ

Қолыңды бер, сүйейін,
Сүйейін де жауға өрттей тиейін.
Сезесің ғой, кімді аңсайды көкейім,
Кедергіден қарғып мың сан өтейін.
Дұшпанымды тəубесіне келтірем,
Қарсы болсаң,
Сені өзім өлтірем.
Жанарыңнан кіремін,
Жайғасамын жаныңның дəл жанына.
Сосын саған үн қатамын сағына,
Не болмаса лажсыздан жалына:
Қолыңды бер, қолыңды,
Не тілейсің, бəрін-бəрін келтірем,
Қарсы болсаң,
Сені өзім өлтірем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу