Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  80


Автор: Түрік поэзиясы

ТАУЛАР

Бұлт торласа аю көтерген аспанын,
Қойнауында елік ойнаған асқарым.
Терең шатқалда сүмбіл шаштары жайқалып,
Етектерінде еңлікгүлдері найқалып,
Көгершіндері көк нұрыменен ойнаған,
Сəлделі шыңы зеңгір биікке бойлаған,
Ағаштары күнге қол созған бейне ғашықтай,
Тіршілік кешкен уақыт өтті деп асықпай,
Алқымнан алған жел менен селді елемей,
Бір шетіменен теңізге тірелген телегей,
Сендерді жоқтап ақын ұл толғай зарласын,
О, мəрт тұлғалы тауларым бүгін қайдасың?
Сендерден бізді айырып əсте бола ма,
Көшесі кейде ұқсап кететін молама,
Əкелген бізді қай жынды мына қалаға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу