Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  103


Автор: Түрік поэзиясы

ҚАРДАҒЫ ІЗ

Қардағы жатыр іздері,
Құлап түскен жерге шейін оққа ұшып.
Жатыр сұлап, кім таниды өлікті,
Жоқ танысы, жоқ күші?
Олар үшін бітті бəрі, сағаттар
тоқтап қалған,
алары жоқ енді еске.
Олар үшін емес мынау түн-дағы,
тірлік те жоқ тірлік үшін белдескен.
Неменеге асқақтайды шыққан күн?–
Оларға енді бəрібір.
Күн не, түн не өлікке,
соқыр тиын қараңғың мен жарығың.
Алыс-алыс қалаларда қап қойған
сүйіктіңнің қажеті жоқ түкке енді.
Өлік үшін бітті бəрі түп-түгел,
бітпесе өмір тірілерге бітпейді.
Аштық пен шөл, кек пен намыс жоқ енді,
үзім нанды қызғанбай-ақ қойыңдар.
Тоңбайды олар, керегі жоқ киімнің,
қылмыс та жоқ енді олар мойындар.
Ең əдемі оты-дағы маздақтың
жылыта алмас енді олардың бүйірін.
Естімейді қанша айқайла, –
Жыла, туыс, ағайындар иіріл.
Доспысың сен, қасқырмысың, жаумысың –
айырмайды біріңді.
Олар үшін самолет не, кеме не –
немене?
Бітті бəрі. Бəрі де
«өлді» деген жалғыз сөзге ілінді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу