Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  85


Автор: Мехмет Акиф ЭРСОЙ

ШАБА КӨРМЕ...

Отандасым, жас терекке балта шапқан оңбайды,
Қу ағаштар бар емес пе, оның жолы болмайды.
Сен одан да қу ағашты шаппайсың ба, қарағым,
Қандай суық, қарс жабылған қабағың!
Жас теректе жапырақтар шулайды,
Жасыл өлкең – жастық шақты жырлайды.
Сен, одан да бір шыбық ек, пайдалы,
Саған жұққан жаман əдет қайдағы?
Ол шыбығың – мұра болар балаңа,
Түсін мені, маған олай қара ма?
Кесе көрме, құс сайрайтын бұтағын,
Мұнда келіп, мен таза ауа жұтамын.
Қол көтерме аулыңның көркіне,
Адал болғын ата-баба сертіне!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу