Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  117


Автор: ЕРЗУРУМЛЫ ЕМРАХ

Гүлдің айналасы тікен бола ма?

Гүлдің айналасы тікен бола ма?
Шеккенім кайғы мен зар бола ма?
Ғажап, бізді іздер бола ма?
Сол қастары қиық қазір.
Іздесем жарды табармын,
Жолында құрбан болармын.
Бір күн көрмесем өлермін,
Көр не қылды заман қазір.
Ерісін таулардың қары,
Мен шегейін қайғы, зарды.
Алла Тағалам, жібер жарды,
Көңілім қалар оны қазір.
Менің ғашығым қазір шығар,
Шығар да жолдарға қарар.
Емрахты оттарға жағар,
Бойы сəуірдей ұзын қазір




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу