03.10.2022
  182


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚАР-АДАМ. ҚОЯН

Талай-талай күліп ем
Қызықтарға сан қилы.
...Мына қоян түнімен
Қар-Адамды аңдиды.
Қу қоянның ұғымы
Белгілі ғой ондайда:
«Қар-Адамның мұрыны
Тәтті сәбіз болғай да...»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу