Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шынында да, адамның өзiн-өзi жеңуi, өзiне-өзi тиянақты түрде тыйым сала бiлуi, өзiн-өзi көндiре бiлуi басқа бiреудi жеңуінен әлдеқайда артық.
©  Будда
Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.
©  Будда
Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.
©  Будда
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
©  Будда
Өзiне лайық немесе өзiнен асып түсерлiк серiк таппаған жолаушының сапарға жалғыз шыққаны жөн.
©  Будда
Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.
©  Будда
Шындықты айт, ашуланба. Сұрағанға азғантай болса да бер.
©  Будда
Бір нәрсені бастау үшін ұлы адам болу міндетті емес, бірақ ұлы болғыңыз келсе, бастау – сіздің парызыңыз.
©  Зиг Зиглар
Ақылды адам ойын өзгерте алады, ал ақымақ адам ешқашан өзгерте алмайды
©  Иммануил Кант
Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
©  Томас Фуллер
Он бесіңде азамат боласың, алпысыңда бала боласың.
©  Томас Фуллер
Кездейсоқтыққа сенетін адам өз өмірін лотереяға айналдырады.
©  Томас Фуллер
Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
©  Томас Фуллер
Өмірде тек өзіңізді түбегейлі өзгерте аласыз.
©  Олдос Хаксли
Дәл қазір қолыңызда өмірдің қиын-қыстау кезеңіне төтеп беруге көмектесетін дүниенің барлығы бар.
©  Брайан Трейси
Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.
©  Василий Ключевский
Қатты сөздер күшті дәлел бола алмайды.
©  Василий Ключевский
Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.
©  Василий Ключевский
Ғылымды көбінесе біліммен шатастырады. Бұл – үлкен ағаттық. Ғылым дегеніміз білім ғана емес, сонымен бірге саналылық та, яғни сол алған білімді дұрыс..
©  Василий Ключевский
Армандай білуге бейімділікте де ұлы даналық бар
©  Анатоль Франс
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.
©  Шоқан Уәлиханов
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет
©  Шоқан Уәлиханов
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді
©  Шоқан Уәлиханов
Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!
©  Шоқан Уәлиханов
Бізде қоғамдық қажеттіліктерді білмейтіндіктен және гуманистік теорияларға тым берілгендік салдарынан дәл осы сәтте мүлдем керексіз жаңалықтар мен..
©  Шоқан Уәлиханов