Тіл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 256
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 24
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 18
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 15

Ой болу керек. Өлең сөзді өзге сөздермен былғамау қажет. Өнер тазалығы, тіл тазалығы сақталуы тиіс.
©  Әселхан Қалыбекова
       «Тілде сүйек жоқ» дейді халық. Сондықтан ол өсекшінің тілі болса сүйреңдейді, ақынның тілі..
©  Әбдінағым Көшер
Ақылсыз ердің тілі — өз басының дұшпаны.
©  Иүгінеки Ахмед
Тіл мен жақтың көркі - сөз.
©  Иүгінеки Ахмед
Тіл біреуді - көтереді, біреудің - түбіне жетеді.
©  Иүгінеки Ахмед
Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл.
©  Иүгінеки Ахмед
Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.Есепті сөз – ер сөзінің асылы,Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.
©  Иүгінеки Ахмед
Тіліңді тый – тісің сынбайды.
©  Иүгінеки Ахмед
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
©  Әлихан Бөкейханов
Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.
©  Әлихан Бөкейханов
Жаманның жалаңдаған тілі жау. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Қазақ тілін қарабайыр санайтын надандық бұлтын сейілту үшін мынаны еске алу артық болмас: егер бір ғана «Абай жолында» Әуезов 16983 сөз..
©  Герольд Бельгер
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ..
©  Мұстафа Шоқай
Тіл – тек адамға ғана тән, аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің, әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің..
©  Мұстафа Шоқай
Көне сөздің бәріне күмәнді қарауға болмайды. Тіл – халықтың перзенті, ол адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Заманның талаптарына сәйкес әр..
©  Мұстафа Шоқай
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де..
©  Ыбырай Алтынсарин
Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып..
©  Ыбырай Алтынсарин
Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.
©  Дидахмет Әшімхан
Ақылы қысқаның тілі ұзын. 
©  Аристофан
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі тіл.
 
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас..
©  Нұрсұлтан Назарбаев
Өз тіліңді өзің үшін, өзгенің тілін күнің үшін үйренесің. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.
 
©  Саиф Сараи