Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Еңбекке дағдыланып алсаң болды, онсыз тіршілік ете алмайсың. Бұл дүние дегенің бәрі еңбекке байланысты.
© Луи Пастер
Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.
© Дени Дидро
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...
© Дени Дидро
Ақиқатқа сын жағады, себебі жеңісіне сеп болады; жалған сыннан қорқады, өйткені жеңілуіне сеп болады.
© Дени Дидро
Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал саналы, ақылды болуға міндеттісің.
© Пьер де Бомарше