Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Жақсы істер туралы ойлап əуре болма, одан да жақсылық жасай бер.
©  Роберт Вальзер
Сəтсіздік – үлкен төре тəрізді соңынан шұбатып төлеңгіт ертіп жүреді. Сəтсіздіктің сіңлісі – ең ізгі жүректің өзін ашу мен қатігездікке жеңдіретін..
©  Роберт Вальзер
Махаббат туралы жазудың ең жайлы жолы – оны ойдан шығару.
©  Роберт Вальзер
Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз – шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін.
©  Роберт Вальзер
Сенімнің аздығы ұдайы жігерлі болып керінуге мəжбүр етеді.
©  Роберт Вальзер
Біздің дəуіріміз – пайдаға табынушылығымен қатігез.
©  Роберт Вальзер
Жазып біткенде – жаным да шығады: осыған қуанамын.
©  Роберт Вальзер
Ер бала ер адамнан гөрі батылдау келеді, өйткені ол əлі – балаң, ал есею көп ретте кісіні қарабайыр жəне пайдакүнем ете түседі.
©  Роберт Вальзер
Əдептілердің арасында айлакерлер де аз кездеспейді.
©  Роберт Вальзер
Кімді жақсы білсең – сонымен сиысуың қиынға түседі.
©  Роберт Вальзер
Өзіне-өзі құмар жанды алдау да жеңіл.
©  Роберт Вальзер
Тəттіқұмар үшін тəттінің өзі ащыға айналады.
©  Роберт Вальзер
Бет қайтара білмеген кісінің терең лəззат алуы да мүмкін емес.
©  Роберт Вальзер
Көп ойлағанның – жауы да көп.
©  Роберт Вальзер
Өзім ұнағым келетін жəне ұнауға тырысып жүрген адамды мен жеңімпаз ретінде қабылдаймын.
©  Роберт Вальзер
Бірдеңе істегісі келген адам жұрт не дер екен деп бас ауыртып жатпайды: ойланбастан басын бəске тігеді.
©  Роберт Вальзер
Өзін əлсіз сезініп көрмеген адам, құдайдан да хабарсыз келеді.
©  Роберт Вальзер
Суреткер мен қоғам арасындағы қарым-қатынас жайлы болса – суреткер жылдам күш-қуатынан айрылады. 
©  Роберт Вальзер
Аса бір нəзік жəйді қозғамақ болғанда, көбіне нəзік сөйлей алмай қиналамыз.
©  Роберт Вальзер
Өзімізге өзіміз ұнай алсақ, өзгелерге де ұнау мүмкіндігіміз арта түседі.
©  Роберт Вальзер
Бақытты адам үнсіз келеді.
©  Роберт Вальзер
Əйел сүйкімді көрінген сайын – зорая түседі, ал сүйікті еркек – қашан да кіші көрінеді.
©  Роберт Вальзер
Ерке жандар өзімшілдігіне тиіп кетсе болды – жантүршігерлік қиналысқа түседі.
©  Роберт Вальзер
Кешіруге болмайтын қылық үшін құрметтейді.
©  Роберт Вальзер
Əдетте қарапайымдылықтың сыртында күш тұр деп ойлайды.
©  Роберт Вальзер