Ұстазыма тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 12
Құттықтау, тілектер: 22

Амандықты тілеймін
Ұстаздарым сіздерге, Амандықты тілеймін. Құтты болсын мерекең, Шын жүрекпен үндеймін.
©  Ұстаздар күні
Қуаныштар орнасын
Ұстаздардың күнінде, Қуаныштар орнасын. Әр жыл сайын мереке, Таба берсін жалғасын.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын тілеймін
Ұстаздардың күні бұл, Құтты болсын тілеймін. Саулықтарың мықты боп, Амандықта жүр деймін.
©  Ұстаздар күні
Ұстаздарым ардақты
Құтты болсын мерекең, Ұстаздарым ардақты. Тәрбие, білім беретін, Ұстаздарым жан-жақты.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің ұстазым
Ұстазым менің ұстазым, Білім беріп үйреткен. Құтты болсын бүгінгі, Келіп жеткен мерекең.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстаздар
Мерекеңмен ұстаздар, Келіп жеткен бүгінгі. Шын жүрекпен құттықтап, Ұсынамын гүлімді.
©  Ұстаздар күні
Ұстазым менің жүрегім
Құтты болсын мерекең, Ұстазым менің жүрегім. Ұстаздардың күнінде, Бар жақсыны тіледім.
©  Ұстаздар күні
Мерекеңмен ұстазым
Меркеңмен ұстазым, Құттықтаймын мен сізді. Бар жақсыны тілеймін, Шын жүрекпен мен ізгі.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын ұстазым
Құтты болсын ұстазым, Келіп жеткен мерекең. Ұстаздардың күнінде, Ән-жырыммен тербетем.
©  Ұстаздар күні
Ұстаз деген ұлы есім
Ұстаз деген ұлы есім, Бізге білім беретін. Құтты болсын мерекең,Әр жыо сайын келетін.
©  Ұстаздар күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Ұстаздардың күні бұл. Бүгін шаттық, мереке, Біздер үшін ұлы күн.
©  Ұстаздар күні
Жаңа жылға ұстазға тілек!
Шаттықта күліп жүріңіз, Жаны жайсаң ұстазым. Жаңа жылмен жадырап, Жайнаңыз сіз ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл құтты болсын ұстазым!
Мейірімді ұстазым, Құтты болсын жаңа жыл. Табысты болсын жылыңыз, Тербеп жанды ән мен жыр.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазым жаңа жылыңызбен құттықтаймын!
Жүзі жылы баурайтын, Ұстазым менің жақсы адам. Жаңа жылдың әр күні, Қуандырсын басқадан.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жылыңыз құтты болсын ұстаз
Жаңа жылдың ақ таңы, Атты міне ұстазым. Бар жақсыны тілеймін, Өзіңізге ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Ұстазға тілек
Құтты болсын жаңа жыл, Жаны жаздай ұстазым. Жаңа жылда бақытқа, Кенеліңіз ұстазым.
©  Жібек Ысқақова
Жаңа жыл, ұстазға тілек
Жаңа жылыңызбен, Құттықтаймын ұстазым. Сізбен бірге шаттықта, Өтіп жатыр қыс, жазым.
©  Жібек Ысқақова