Табиғат құбылыстары туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 16

Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Жаңа айдан жақсылық.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Туған ай, тураған етпен тең.
Су аққан жерінен айнымас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.