Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мастың қызуы қайтқанша,Той тарқайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Адам адамнан артық емес,Боқ байлығы болмаса.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бастық күлсе,Орынбасары езу тартады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Баға жағадан алғанда,Рэкет етектен тартады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бос шөлмектің қадірі жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеуі жоқ күні,Әйелі құтырады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Саудагер алтыннан үй салса да,Тиын санағанын қоймайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Парақор сотта тек те, кек те жоқ.
©  Ермахан Шайхыұлы
Алтыннан салған тісің түспесін,Ішкі істер бөліміне ісің түспесін.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мафияның қолтығы кең,Құйрығы ұзын.
©  Ермахан Шайхыұлы
Торға түсер баланың қылмыспенен ісі бар,Торға түспес баланың қылмыста не ісі бар?!
©  Ермахан Шайхыұлы
Айлық берген лауазым,Байлық та, шайлық та берер.
©  Ермахан Шайхыұлы
Зачет ала алмай жүріп,Сынақтан сүрінгенге күлме!
©  Ермахан Шайхыұлы
Таразыдан жеген тиын,Құйттай да болса – олжа.
©  Ермахан Шайхыұлы
Біреудің байы біреуге,Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді.Біреудің әйелі біреуге,Мерседестей сылаңдайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Көріпкелдің айтқаны келмейді,Сығанның сандырағы келеді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әкімнің қолында мөрі бар да,Қадірі көп.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бұзылайын деген қызүйде тұрмайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Студент жоқтығын білмейді,Бизнесмен тоқтығын білмейді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Бұзылған қыз ер таңдамайды,Маскүнем жер таңдамайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Мафияға да қорғаушы керек.
©  Ермахан Шайхыұлы