Етек туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 7
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 1

Баға жағадан алғанда,Рэкет етектен тартады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен қабады  Жау жағадан алыпты,Бөрі етектен қауыпты.Іздеп келдік алыстан,Кетейік біліп анықты.("Қыз Жібек"". Бабалар..
Ерте тұрғанның етегі алтынға толар.
Етектен кесіп, иінін бүтіндеп.
Етекті кессең – жең болмайды.
Ежелгі дұшпан – ел болмайды.
Өзіңді көрмей,
Етігіңді шешпе,
Етегіңді түрме.
Етігіңе қарай,
Етегіңді көтер.
Ерніңді шүйірдің,
Етегіңе шиырдың.
Аяшының жүрегі күйеді,
Даяшының етегі күйеді.
Қошқар болар қозының маңдайлары дөң келер,
Аға болар жігіттің етек-жеңі кең келер.
Асыққанның аяғы етегіне оралады.