Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Тұрмысты адам тез қартаймас.
©  Түркі халықтары
Батыр жігітті қорлама,Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма.Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады.
©  Түркі халықтары
Жалқауға бұлт (көлеңкесі де) жүк болар.
©  Түркі халықтары
Жылан өзінің иірлігін білмес,Түйенің мойнын иір дер.Бұл мақал өзінің кемшілігін білмей, басқа кісінің бойындағы мінге күлетінғайбаткерді тəмсіл етіп..
©  Түркі халықтары
Арпасыз ат (қыр) аса алмас,Арқасыз батыр əскер басқара алмас.(Арпасыз – жемсіз. Арқасыз – жəрдемсіз).Бұл мақал ағайын-туғандардың бір-біріне..
©  Түркі халықтары
Ұмайға табынса, ұлды болар.(Ұмай – жас нəрестенің өмірге келердегі жолдасы).Кімде-кім екі қабат қатынның босануына көмектесіп, қызмет етсе, ол да..
©  Түркі халықтары
Бес саусақ бірдей емес.Бұл мақал адамдар əр алуан болатынын айтады.
©  Түркі халықтары
Інген ыңыранса, бота боздар.
©  Түркі халықтары
Лақ жіліксіз,Бала білімсіз.
©  Түркі халықтары
Бойдақ елу кез кездемеден дамбал тіге алмас.Өйткені жат адам (тігінші) оны аямайды, өзі күйінбейді. Сондықтан бұл мақал тезүйленуге шақырады.
©  Түркі халықтары
Итке ұят бітсе, өлексе жемес.Бұл мақал ұятты, ізетті болуға үндеп, адамдарды жаман қасиеттерден қашықболуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Андыз болса, ат өлмес. (Андыз – емдік тамыр).Кептірілген тамырды ұнтақтап, ауру аттың тұмсығына сепсе, жазылып кетеді. Бұлмақал жолаушыларды жолға..
©  Түркі халықтары
Еңбек егінде (ескерусіз) қалмас.
©  Түркі халықтары
Əдептің басы – тіл.Бұл мақал əдепті, əсем, сыпайы сөйлеген адам əрқашан да абырой мен құрметкебөленетінін насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Инабатты қонақ үй иесін құрметтер.Бұл мақал əсілінде қонақты құрметтеуге арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Ізгілік болса, ер өлмес (арымас),Іштік болса, ат жауыр болмас.Бұл мақал əрбір істің алдынала жай-жапсарын жан-жақты ойластырып алуғашақырады.
©  Түркі халықтары
Еркекқұмар (жезөкше) күйеуге тимес,Алаңғасар (желөкпе) үйіне жетпес.Күйеуге тиюге асыққан бұзық əйелдің əрқашан да жолы болмайды. Өйткені ол..
©  Түркі халықтары
Қаз ұшса (кетсе), көлді үйрек иемденер.Бұл мақал халық арасындағы білімдар данышпан адам өмірден кетсе немесе басқажаққа ауысса, оның орнына ақылсыз..
©  Түркі халықтары
Тауды арқанмен имес,Теңізді қайықпен бөгемес.Бұл мақал үлкен істі кішкентай затпен қайтаруға болмайтынын түсіндіреді.
©  Түркі халықтары
Ортақ адамнан артық алмас.Бұл мақал ынсапты болуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Бөтен кісінің малы – мал саналмас.Өйткені ол өз малын қайтсе де қайтарып алады.
©  Түркі халықтары
Қашық жердің хабарын керуен келтірер.
©  Түркі халықтары
Сөзі көптің іспен шаруасы жоқ, ісі көптің сөзбен шаруасы жоқавтор ғалымжан әбілқайыр
©  Әбілқайыр Ғалымжан
Серкештің еті ем болар,Ешкінің еті жел болар.
©  Түркі халықтары
Көзең кішкентай болса, саптаяқтың үлкенін қой.Бұл мақал көпшіліктің алдында кішкентай нəрсені үлкейтіп көрсетуді айтады.
©  Түркі халықтары