Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жасауы мол келіннің күйеуі жуас болар.
©  Түркі халықтары
Аттың басын ноқталап мүжі. Бұл мақал атты пайдалану үшін ең алдымен ноқталап ал, сонда ғана дегеніңе жетесің деп насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Атпатұзақтан (бір мəрте) қорыққан құсҚырық жылға дейін аша ағашқа қонбас.
©  Түркі халықтары
Əкесі ащы алма жесе, ұлының тісі қамалар.Бұл мақал əкесі жасаған қылмыстың зардабы артындағы ұлына қалатынын  насихаттайды.
©  Түркі халықтары
Заман қартайтқанға бояу айыпты емес.
©  Түркі халықтары
Ер жігіттің сөзі бір(еу),Ердің көгі үш(еу).Бұл мақал ер-азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Қылыш даттанса, іс бұзылар,Ер даттанса, пейіл былғанар.Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай өмір сүруінің..
©  Түркі халықтары
Таттың көзіне (ұр),Тікеннің түбіне (тамырынан шап).Тат – тохси мен яғма тайпаларының ұғымында мұсылман болмаған ұйғырлар. Мен мұны олардың өз елінде..
©  Түркі халықтары
Кішкентай тайында қиналса, үлкейгенде сүйсінер.
©  Түркі халықтары
Түйе сілкінсе, есекке жүк шығар.
©  Түркі халықтары
Берекесізден құт қашар.
©  Түркі халықтары
Үй иесі тойдырса, (мейманның) көзі жолда болар.Бұл мақал құрметтен кейін қайтуға ұрықсат сұрап, асыққан қонақтарға арнайы айтылады.
©  Түркі халықтары
Күздің келуі жазда білінер.Бұл мақал əрбір іс əу басында-ақ белгілі дейді.
©  Түркі халықтары
Арыстан күркіресе, аттың аяғы тұсалар.Бұл мақал əлсіздердің өзінен əлділердің алдындағы дəрменсіздігін көрсетуге арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Көрпеден артық көсілген аяқ үсір.Бұл мақал адамдарды өз мүмкіндігінен асып кетпеуге шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Ізгілікті судың түбіне тастап,Бетінен ізде.
©  Түркі халықтары
(Биіктегі) майға жете алмаған мысық айтар:– (Басқа) кісінікі (маған) жараспас.Бұл мақал өз ойынан шыға алмай, артынан сол ісіне өкінетін адамды..
©  Түркі халықтары
Тау таумен қауышпас,Кісі мен кісі қауышар.
©  Түркі халықтары
Кішкентай үлкенге қарсы тұра алмас,Қырғи сұңқарға қарсы шыға алмас.
©  Түркі халықтары
Соғысып ұрысар,Ортада тон жыртылар.Бұл мақал кісілерді ұрыс-жанжалдан аулақ болуға үндейді.
©  Түркі халықтары
Адам баласы мұңая бермес,Иттің күшігі жата бермес.
©  Түркі халықтары
Көкке (аспанға) түкірсе, жүзіне түсер.Бұл мақал үлкендерге жамандық жасаса, өзіне де жамандық тиетінін ескертеді.
©  Түркі халықтары
Атаның ұлы атасына тартып туар.
©  Түркі халықтары
Жүк көтерген түйе шөмішті де көтерер.
©  Түркі халықтары
Түтінді түрткілеген ыстанар.Бұл мақал пəле іздеген адамға пəле жабысады деген мағынада қолданылады.
©  Түркі халықтары