Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Ат күйгелек болса — арық,
Ер күйгелек болса — кәріп.
Байтал мінсең, құлын жоқ.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Аттан айрылсаң да,
Ер тоқымыңнан айрылма.
Екі бие — ел ырысы,
Үш бие — бұлақ басы,
Бір бие — жоқтың қасы.
Жабыны жалды екен деп
Сатып алма,
Жаманды малды екен деп
Жақын қылма.
Ат арқасына ер батса
Аяңшыл болады.
Арықты мінгенше
Аяғыңды мін.
Арықты мінгенше
Аяғыңды мін.
Бір биенің екі емшегі,
Бірі кетсе сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші,
Бірі кетсе, күші жоқ
Ат сүрінбей жер танымас,
Ер сүрінбей ел танымас.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп.
Тай тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнанатқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Ат жалдаған өтер,
Ит жалдаған кетер.
Көбік қарда түлкі ойнар,
Көк көрпеде жылқы ойнар.
Шідерлі атың өз атың,
Тұсаулы атың бос атың.
Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтық тимес қозы жоқ.
Аты барға
Тай мінсе де жарасар.
Аттың аты үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
Ат айналып қазығын табар.
Айғырды неден салсаң,
Атты сонан мінерсің.
Жорға мінген
Жолдасынан айрылар.
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір
Тай тулап
Үйірінен шықпас.