25.09.2022
  2982


Автор: Ұстаздар күні

Ұстаздардың құтты болсын мейрамы

Ұстаздардың құтты болсын мейрамы,
Білім берген, тәрбиелеп біздерді.
Ұстаздардың күні құтты болсын деп,
Құттықтаймыз ұстаздарым сіздерді.

Саулығыңыз мықты болып ұстаздар,
Амандықта болыңыздар әрқашан.
Күлімдесін жүздеріңіз қуанып,
Тәнті болып өздеріңе барша жан.

Жайнаңыздар ұстаздардың күнінде,
Бар қуаныш ұстаздарым орналып.
Үн қосамыз мерекеде бүгінгі,
Тойлансын деп бұл мереке жалғанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ақсәуле
Ақсәуле 29.09.2024 14:37
Ұстаз

Пікір жазу