Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  120


Автор: Танакөз Толқынқызы

ҚАЙҒЫ – ҰЛЫ ҰСТАЗ

Қашпаңдар, достар, қайғыдан...
Сөзімнен мынау мынау айныман.
Аздырып тоқтық жіберген,
Қайғысы жоқтан қаймығам.
Жаныма тақса жеке мін,
Жабырқап, жүдеп кетемін.
Қайғы ғой бірақ танытқан
Бақыттың қандай екенін.
Бақыттан да мен жалығам,
Жалығам дағы жабығам.
Сілкінтер барлық жүйкемді
Қайғыны кейде сағынам.
Демегін, қайғы, қыспағын!
Өмірден қалма тыс, жаным.
Бір күндік қонақ – қуаныш,
Ал қайғы – ұлы ұстазым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу